Құлағы шамалы еститін адамдарға арналған ұялы телефон

Құлағы шамалы еститін адамдарға арналған ұялы телефонAmplicom M6000 атты жаңа телефон кексе адамдарға немесе саңрауларға нағыз керек нәрсе, неге десеңіз бұл телефонның қоңырауы 100 десибелден жоғары аңырайды. Көршілеріңіздің алдында сіздің дәрежеңіз көтеріледі деп ойламаймыз. Бірақ сіздің тыңдау қасиетіңіз нашарлап кетсе, кейде телефон дауысын естімей қалып жүрсеңіз, бұл сіздің телефон шығар.

Телефон дыбысы 100 десибелге жете алады, шахтер шойбалғасындай қатты, сіз оны міндетті түрде естисіз және көшедегі басқа адамдар да сіздің телефонға назар аударады. Бұл аз болса 110 десибелге дейін даусын көтеруге болады, бұл Оңтүстік Африканың вувузела кернейі сіздің құлағыңыздың қасында ойнағанмен бірдей.

Amplicom M6000 пернелері үлкен және анық етіп жасалыпты. Телефон жасаушылары бұл телефон сақа адамдармен құлағы нашар адамдарға өте лайықты деп есептейді. Өзініңде құлағы шамалы еститін менеджер David Youngs, былай дейді: «Бұл телефонмен тамаша әнгімелесуге болады».

MailOnline