Қытай 5-ші навигациялық «Бэйдоу» спутнигін ұшырды

«Сичан» ғарыш айлағынан (Сычуань провинциясы) «Чанчжэн-3А» зымыран тасымалдағышымен жексенбі күні 5 сағат 30 минутта ұлттық бесінші навигациялық «Бэйдоу» спутнигі сәтті ұшырылды, деп Синхуа жазады. Жаңа спутник көзделген орбитаға шығарылды да. Сөйтіп Қытай биыл ғарышқа ғаламдық навигациялық «Бэйдоу» спутнигінің үшеуін шығарды.

Спутниктік навигациялық бағдарламасының басқарма кеңсесінен хабарлағандай «Бэйдоу» жүйесі (COMPASS) Қытайдың жеке өз күшімен жасалған, және ол локациялық, навигациялық, уақытты анықтау және байланыс қызметтерін атқара алады. Ол топаграфия, балық шаруашылығы, көлік, байланыс, су шаруашылығы, орман өрттерімен күрес және басқа да стихиялық апаттармен күресте, мемлекеттік шекараны қорғауда маңызды рөл атқарады.
2012 жылға қарай «Бэйдоу» Азия-Тынықмұхит өңірін қамтып, ал 2020 жылға қарай ол, құрамында 30 спутнигімен бүкіл жер шарын қамтып тұратын болады.

Reuters