Отандық авиация білікті мамандарға зәру

Отандық авиация білікті мамандарға зәру. Мамандар мұны тоқсаныншы жылдардың тоқырауының салқынымен байланыстырады. Кеңес үкіметі ыдыраған кезде буын сабақтастығы үзіліп, жастарды осы кәсіпке баулу ісі кенжелеп қалған. Ал қазір оралдық әуежайдың ең жас қызметкері 45 жаста екен. Бүгінде бұл ұжымның қызметкерлері үш жүзге жуықтайды.

Бүгінде елімізде осы саланың мамандарын дайындау ісімен Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы, «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Аэронавигациялық оқу орталығы училищесі және т.б. бірнеше оқу орыны айналысады.

Аға буынның дені зейнет жасына жетсе де, олардың орнын басар оралдық өрендер саусақпен санарлық. Осы саланың білікті маманы атану үшін, жоғары білімнен бөлек әуежайда кемінде екі-үш жыл бойы тер төгу керек.

Фабрика новостей