«Кормилец» комбайнын Қостанай облысында жасап шығарды

Қостанай облысы Қамысты ауданы «Алтынсарин» ЖШС-дегілер «Кормилец» атты шынжыртабанды бірегей комбайн құрастырып шығарды. Ол кәдімгі техникалар бара алмайтын жерлердегі шөпті шабады, деп хабарлады кәсіпорындағылар. «Кез-келген төбе да, су да оған кедергі бола алмайды.

Бұл – алтынсариндіктердің өздері ойлап тапқан, яғни осындай бірден-бір техника», -дейді ЖШС директоры Борис Князев. Ол комбайн бункеріне жаңадан шабылған екі тонна шөптің сиятындығын, ал комбайн күніне 10 тонна шөп шаба алатындығын атап өтті. «Екі айдың ішінде комбайн 1200 тонна шөп шаба алады. Бұл өте тиімді әдіс болмақ», -деп есептейді директор.

Б.Князевтің айтуынша, идеяны жүзеге асыру үшін көктемнің бірнеше айы жеткілікті болды. Өнертапқыштық идеяның авторлары ЖШС бас инженері Виталий Шушпанников пен инженер Андрей Галаниндер. Машина көбінесе қамысты жерлерді шабуға пайдаланылады.

«Алтынсарин» ЖШС-і биыл Қостанай облысындағы озық кәсіпорындардың қатарында. Олар құрғақшылыққа қарамастан өздерін қажетті мал азығымен қамтамасыз етіп алды. Олар шөп шабу науқанын аяқтап қойды. 2800 тонна бұрынғы шөпті есепке алғанда 4600 тонна пішен даярлап алды. Қазір сүрлем салу жұмысы жүруде.
Әдеттегідей астық жинау науқанының алдында тамыз айында өтетін аграршылар кеңесінде облыс әкімі Сергей Кулагин: «Алтынсарин» сынды шаруашылықтар астық жинауға 100% даяр», -деп атап өтті, ал шөп шабуға арналған жаңа техникаға байланысты: «Патенттеуге құқы бар жақсы іс», -деп сенім білдірді ол.

Ал осы кеңесте Қостанай облысының аграршылары күніне 200 мың гектардың астығын бастырып, астық жинау науқанын қысқа мерзімде аяқтағалы отырғандығы атап өтілді. Бұл – шаруашылық парктерін ауыл шаруашылығы техникаларымен жақсылап қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болып отыр.

Мұнда астық жинау науқанына 12 мың астық жинайтын комбайн (оның ішінде 2,4 мыңы жоғары өнімді комбайндар), үш мың дестелеп оратын жаткалар, сегіз мың жүк машиналары, 18 мың трактор тіркемелері қатысады. «Егін жинауға қажетті техникалардың болуы, олардың техникалық жағынан жұмысқа даярлығы күн райы жақсы болып тұрса, күніне 200 мың гектардың егінін бастырып, астық жинау науқанын 20-25 жұмыс күнінің ішінде аяқтауға мүмкіндік береді», -деді ҚазТАГ тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Нұралы Сәдуақасов. «Қазіргі уақытта техниканы жөндеу мен даярлау жұмыстары аяқталуда. Трактор паркі -99%, комбайн паркі -45% даяр. Сонымен бірге астық қабылдайтын кәсіпорындар да, механикаландырылған қырмандар мен астық өлшейтін шаруашылықтар да даярланған. Биылғы жылы астыққа сұраныс пен бағаның артуына байланысты техникалық жағынан қайта жарақтандырудың жоғары деңгейі мен жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», -деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Бұдан бөлек, деп атап өтті ол, соңғы бес жылдың ішінде облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жалпы сомасы Т80 млрд қаржыға 9,1мың дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Екі мың трактор, 2,8 мың комбайн, 645 кең ауқымды дән себу кешендері сатып алынды.

Н.Сәдуақасов барлық ауыл щаруашылығы кәсіпорындары басшыларының назарын отандық машина жасау саласына аударды. Өйткені, баға жағынан алғанда біздің техникаларымыздың артықшылықтары мол. Облыста ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тракторлармен, комбайндармен, жер өңдейтін және өзге де техникалармен қамтамсыз етуге қабілетті зауыттар бар. Оның үстіне, Қостанай дизель зауытында жиналған техникалар мен «К-744» тракторларын («Агротехмаш» ЖШС) «КазАгроФинанс» АҚ арқылы республикалық бюджеттің есебінен жылдық 4% ставкамен лизингке алуға болады.

ҚазТАГ