Қазақтың тұңғыш инженері

Қазақтың тұңғыш инженеріӘр заманның өз артынан із қалдырар, тәжірибесін бөлісер перзенті болады демекші, қазақ халқының көрнекті ұлдарының бірі, қазақ зиялыларының өкілі - қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы әрі Түрксіб құрылысшысы Мұхаметжан Тынышпаев. Ол 1987 жылы 12 мамырда Талдықорған облысы Қабанбай ауданында кедей көшпелі мал шаруасының  жанұясында дүниеге келген.

Ол Орта Азия теміржолының құрылысына ерекше тапсырмалар жөніндегі инженері ретінде қатысады. 1911 жылы Урсатьевск - Әндіжан теміржол құрылысының бастығы және бас инженері болады. 1914 жылы туған жеріне қайтып, Жетісу теміржол құрылысында учаске бастығы және Арыс- Жамбыл учаскесінің бас инженері қызметін атқарады.

1921-1922 жылдары Тынышпаев Түркістан республикасының Жер шаруашылығы министрлігі жанындағы су шаруашылығын басқарады. 1923 жылы Шымкент қалалық су шаруашылығының басшысы болады. Түркістан каналының жобасын жасауға атсалысады. 1924 жылы Ташкент қаласында Қазақ халық ағарту педагогикалық институтының ашылуына байланысты  математика мен физикадан дәріс беруге шақырылады.

1925—1926 жылдары Тынышпаев жаңа астана Қызылорда қаласын көріктендіру жүйесінің бас инженері болып тағайындалады. Қаланы сумен қамтамасыз ету жолы мен көптеген нысандарды салу туралы идеясын ұсынған да Тынышпаев болатын.

1927-1930 жылдары Тынышпаев Түрксіб құрылысына белсене араласып, кейін Москва – Донбасс темiржолының жобалау бөлiмiнде инженер қызметін атқарады.
Мұхаметжан Тынышпаевтың ғылыми еңбектері толық сақталмаған бөлек басылымдардан және қолжазбалардан тұрады.

Мухамеджан Тынышпаев жоғары білікті инженер болу дарынын паш ете отырып, халқына аянбай қызмет еткен.

Қазақ тіліне аударған Сәуле Қожабергенова