Құрылыстық нормаларды өзгерту

Құрылыстық нормаларды өзгертуҚұрылыстық нормаларды өзгерту
Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мектеп, балабақша және емханаларға арналған құрылыстық нормаларды қайта қарауды тапсырды.

Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мектеп, балабақша және емханаларға арналған құрылыстық нормаларды қайта қарауды тапсырды.

Елбасының пікірінше, қазір қаржы тиімсіз пайдалануда. Сарайлар емес, функционалды, яғни тиісті салға лайықты ғимаараттар салу керек,- деді мемлекет басшысы.

Cерік Нокин
- Бүгінде нормалар әлемдік деңгейде жасалған. Бірақ бүгінгі таңда бұл онша өзін ақтамайды, өйткені бүгінде мектеп те, бала бақша да емханалар да жетіспейді. Осыдан байыбына бара беріңіз. Елбасының айтуынша бұл бағаға бір емес, екі мектепт тұрғызуға болады. Сондықтан біз бұл норманы оңтайландыруымыз керек.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халыққа әлеуметтік көмек көрсету бойынша тізімдерді реттеуді тапсырды. Өйткені олар тым үлкен және шатысып кеткен. Елбасы аудандық білім және денсаулық сақтау бөлімдерін ретке келтіруді тапсырды. Функцияларды көшірудің қажеті жоқ, - деді елбасы.

www.newsfactory.kz