Жібек жолымен жүретін жүргізүшісі жоқ электрик көліктердің сынауы басталды

Бүгін инженерлер болашақ технологиясымен жасалған жүргізушісі жоқ көліктерді (ЖЖК)  ұзақ жолмен, Италиядан Кытайға Жібек Жолдың бойымен жіберіп, сынауын бастауда. Екі апельсин түсті, күн қуатымен жүретін электрик көлік, 8000 майл (12870 км), Москваның жолдарымен, Сібірдің жазғы ыстығымен сонан соң Гоби құмдарынің үстінен өтіп Шанхай Әлем Базарына қазан айының аяғына жету деген мақсатта.

"Біздің талабымыз біздің системамызды күш салып сынап, оның ‘нағыз’ қоршаған ортада, ‘нағыз’ ауа райында, ‘нағыз’ жолдарда және жынды кісілер мен көліктер тап алдыңнан жол кесетін жағдайда системамыз қалай жасар екенін білу" дейді проект басшысы Alberto Broggi. VIAC (VisLab Intercontinental Autonomous Challenge) аталған сапар, екі пар көліктен құралған. Әр жұпта алда жүретін жетекші ван және оның артында жүргізушісі жоқ, бірақ төтенше жағдайда машинаны тоқтататын және техникалық проблемаларды жөндейтін екі технигі бар көлік. Бұған қосымша бір қатар жәрдем жіне шеберхана көліктері болады.

Жүргізушісі жоқ көлік (ЖЖК) жетекші көліктен сигнал алып тұрады, бірақ қарапайым кедергілерге я қауыпты нәрселерге өзі жауап береді. Екі пар Жібек Жол бойында орындарын ауыстырып тұрады. "Біз міндетті түрде адамның көмегіне сенеміз, 100% жүргізушісіз жүру мүмкін емес сондықтан біз бұл сапарды көрініс емес, сынау деп атаймыз," деді Broggi мырза.

Бүгінгі күнде еш елде ЖЖК көліктеріне арнаған заң жоқ, сондықтан проект тобы жолда кездесетін елдердің жолдарымен жүруге алдын ала рұқсатын алыпты. Міндеттен сақтану үшін проект тобы, төтенше жағдайда бақылауды өз қолына алатын бір техникты жүргізушінің орынына отырғызды.

Парма қаласындағы Италия университеті өндірген жасанды көру қасиеті және ақылды системалар Vislab технологиясы, ЖЖК көліктеріне бір күндері Европа ішінде жүк тасуға мүмкіншілік беретін болар.
Аналитиктар айтуы бойынша, осындай технология жақындағы болашақта іске асуы мүмкін, бірақ кейбір аналитиктер оның пайдасына күмән етеді.

"Мысалы, Австралияда үлкен жүк машиналар үш-төрт трейлер тіркеп құмда жүре алады. Онда біз оларды әншейін темірмен жалғап жүргенде, бізге ЖЖК неге керек?"дейді Andrew Close, IHS Automotive аналитигі. Broggi мырза болжауы бойынша ЖЖК көлігі шамамен 20 жылдан кейін қолдануға келеді. Бірақ бұл технологияның кейбір элементтері жақында пайдаға асуы мүмкін. Мысалы, сынаудан өткен сканерлер дихандарға тракторлеріне қондырылып жер жыртуға я егін егуге пайдаға асады екен.

IET