Қайрат құрастырған көлік

Қайрат құрастырған көлікҚалалықтар үшін түрпілеу көрінгенімен, иен даладағы құм төсінде гүр-гүр еткен бұл көлікке қызыға қарайтындар табылады. Оны құрастырған - Қызылқоға ауданы Қаракөл селосының қарапайым тұрғыны Қайрат Сиыхов (суретте) деген азамат. Ол көлікті өз шаруасына екі жылдан бері пайдаланып отыр екен. - Мен бірде газет бетінен Батыс Қазақстан облысы

Тайпақ ауданының бір тұрғынының дәл осындай көлікті құрастырып ойлап тапқанын оқыдым, - дейді Қайрат.

– Мен де қызығып кеттім. «Москвичтің» ескі мостысы, «ГАЗ-53» машинасының қорабы, мал суаратын мотор секілді қажетті бөлшектерді іздеп таптым. Бір қыстың ішінде осы көлікті құрастырып шықтым. Бұл техниканың сағатына жыл-дамдығы 30-40кмшамасындай.Бірақ, шөп шауып, жинап алу үшін осының өзі жетіп жатыр. - Пішен шабу мезгілі басталғанда біз тырмауыш пен орақтың агрегатын көліктің соңына тіркеп аламыз да, шөпті өзіміз дайындаймыз.

Қайрат өзінің темір тұлпарына «АИ-80» жанармайын құяды. Ауылда жанармай бекеті жоқ. Сондықтан, жанармайды Атыраудан бөшкелеп тасиды. Кейін оның 1 литрін 130 теңгеден сатады. Қымбат, бірақ басқа амал жоқ. Бұл оның алғашқы қол жұмысы емес.Қайраттың мамандығы – ағаш шебері. Ол осыдан 10 жыл бұрын өзі ағаш станогын құрастырған. Бүгінде сандық, қол жуғыш, басқа да тұрмысқа қолайлы заттарды өзі ойлап тауып, жасай береді.

www.azh.kz