Кәсіби кодекс
- Толығырақ
- Категория: Қазақша категориялар
- Жарияланды 01.12.2010 18:13
Инженер осы Кодексте айтылғандай кәсiби әдеп принциптары бойынша жұмыс iстеуге әрдайым мiндеттi; осы кодексты мойындау, мақұлдау және орындау ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БІРЛЕСТІГІнің мүшелiгіне мiндеттi шарт болып табылады.
Инженер әрдайым ең жоғары кәсiби әдеп стандарттарын ұстайды.
Инженер өзінің мiнез-құлығы әрдайым жағымсыз салдарға жеткізбейтіндей, және жұмысы қоршаған ортаның сапасына құрметiн көрсетедi деген түсінікпен жұмыс iстейдi.
Инженер өзiн басқа адамдардың сезімдеріне тiл тигiзбейтіндей ұстайды, олардың діні және негiзделген нанымдарын сыйлайды, басқа адамдардың секс бейімделу және ерекше ықыластарын сыйлайды, басқа пiкiрлерді сыйлайды және басқа адамдарға өзінің меншiктi нанымдарын және пiкiрлерін ұстануға ешқашан ұмтылмайды, дене кемiстiгі немесе адамның ауруына, және нәсiл, ұлт, әлеуметтiк жағдайына қатынасты әртүрлі жаратпаушылық ишаралар немесе түсiнiктемелерден аулақ болады.
Инженер өз әрiптестерiнiң кәсiби құқықтарын сыйлап қорғайды, адал бәсекелестiктiң заңдарын сақтайды.
Инженер кез келген ойлап тапқыштық және шығармашылық қызметтен шығатын авторлық құқықтарды сыйлайды. Плагиат жіберілмейді. Инженер өз әрiптесiнiң қандай болмасын жұмысын пайдаланған кезде автордың атына сiлтейдi.
Инженер өзiне қайғылы жағдайсыз және қоршаған ортаға зиян салмайтын жұмыс ортасын құруға мiндеттеме қабылдайды.
Инженер физикалық зорлықтан, сөккен немесе қатерлі мiнез-құлықтан, немесе адамдардың өмiрi я жарақаттануына немесе мүліктiң залалына апаратын іс-әрекеттерден аулақ жүреді.
Инженер алкогольдің әсерiмен көлiк құралдарын ешқашан жүргізбейді.
Инженер Қазақстанның Республиканың заңдарын және дәстүрлерiн сақтайды.
Инженер пара алудан аулақ болады және қылмыстық келiсiмдерге қатыспайды.
Кодекс ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БІРЛЕСТІГІнің құрылтай жиналысында бекітілген.
Жарна
- Толығырақ
- Категория: Қазақша категориялар
- Жарияланды 01.12.2010 18:12
2013 жыл мүшелік жарна көлемі
- Студенттер - 3000 теңге
- Жанкүйерлер - 0 теңге
- Негізгі мүшелер - 10000 теңге
- Құрметті мүшелер - 15000 теңге
Мүшелік
- Толығырақ
- Категория: Қазақша категориялар
- Жарияланды 01.12.2010 18:07
* Жанкүйерлер – техникаға жақын салада жұмыс жасайтын, әлде техникалық әуестенулері бар адамдар.
* Негізгі мүшелер – тиісті техникалық білімдері және дағдылары бар. Мүшелер өздерінің құжаттарында KIBM (Kazak Injenerler Birlestigi Myshesi). аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.
* Құрметті мүшелер – өз қызмет саласында жоғары біліктілігі және тұрақты жетістіктері бар. Құрметті мүшелер KIBKM (Kazak Injenerler Birlestigi Ky’rmetti Myshesi) аббревиатурасын қолдануға құқығы бар.
5. Бірлестіктің Құрметті мүшесі болып Бірлестіктің мақсаттарын жүзеге асыруға маңызды үлес салған кез келген Бірлестік мүшесі бола алады. Құрметті мүше атағын беру шешімін Кеңес қабылдайды.
6. Кеңес тізім ашып мүшелерді соған тіркейді.
7. Мүшелік жарнаның мөлшерін Кеңес белгілейді.
8. Зейнетке шыққан Бірлестіктің мүшелері мүшелік жарна төлемінен босатылады.
9. Бөлек сауалмен Бірлестіктің мүшесі сертификат ала алады.
10. Бірлестік мүшесінің құқықтары:
* Бірлестіктің сайлау мекемелеріне сайлауға және сайлануға (тек қана негізгі я құрметті мүшелері);
* Жарғыға өзгерістер және қосымшалар еңгізу, Бірлестіктің міндеттерін атқару және оның жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар беруге;
* Бірлестік беріп тұрған барлық кеңестік, эксперттық, құқықтық, методикалық көмектің түрлерімен қолдануға және кәсіби құқықтардың қорғауына, шығармашылық қызметінің қорытындыларына байланысты мәселелермен жүгінуге;
* Бірлестік ұйымдастырған шараларға қатысуға;
* Бірлестікте бар, құпия емес ақпаратты толық мөлшерде қолдануға;
* Бірлестіктің KIBM / KIBКM аббревиатурасын визит карточкасы мен басқа құжаттарда өзінің атынан кейін көрсетуге;
11. Бірлестік мүшесінің міндеттері:
* Бірлестіктің Жарғысын сақтау;
* қазақ инженерiнiң кәсiби әдебiнiң кодексiн сақтау;
* жас мамандардың кәсіби өсуіне көмек беру;
* Бірлестіктің басқармасының заңға қайшы емес шешімдерін жүзеге асыру;
* мүшелік жарнасын уақытында төлеу.
12. Бірлестік өзінің мүшелерінің міндеттемелеріне, мүшелер Бірлестіктің міндеттемелеріне жауап бермейді.
13. Бірлестік мүшелігі тоқтатылатын жағдайлар:
* Бірлестіктің мүшесі Бірлестіктен өз еркінімен шығу;
* Бірлестіктің мүшесін Бірлестіктен шығару.
14. Бірлестіктен шығу мүшенің жазба арызы бойынша атқарылады;
15. Бірлестіктен шығару мынадай жағдайда іске асырылады:
* Бірлестік Жарғысына қайшы келетін іс-әрекет туғызған жағдайда;
* Екі жыл бойы мүшелік жарна төлемеген жағдайда.
16. Бірлестік мүшелігінен шығаруды бірлестіктің Кеңесі атқарады.
17. Бірлестіктегі мүшелік тоқтатылған кезде Бірлестік мүшелері Бірлестікке берілген Бірлестіктің мүлігіне, соның ішінде мүшелік жарнаға, құқығын сақтамайды.