Қоғам

Бірлестіктің мақсаттарымен және міндеттері:

1. қазақ инженерлерінің кәсіби қызметіне қамқор жасау;
2. қазақ инженерлерінің құқығы мен бостандығын, олардың кәсіби-шығармашылық мүдделерін,авторлық  және шектес құқықтарын, намыс, абырой және іскерлік беделін қорғау;
3. инженерлік мамандықтың қадірін көтеру, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін осы бірлестік арқылы ғылым және техника жетістіктерін тарату;
4. қазақ техникалық мамандардын біріктіру, бірлестік мүшелерінің шығармашылық, ғылыми потенциалын жүзеге асыру, тәжірибе алмасу үшін қолайлы жағдай туғызу;
5. мемлекетік тілдің ғылым және техника саласына үдете енуіне, қазақ техникалық тілдің ортасын құруына қамқор ету; тіл құрылыс процестеріне қатысу;
6. инженер-техник қызметкерлеріне еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын  жақсарту, материалдық тұрмыс жағдайын көтеру және әлеуметтік қамтамасыз ету үшін инженерлерді біріктіретін кәсіби одақтармен ынтымақтастық;
7. техникалық білім системасын дамыту және қазақ инженерлердің ғылыми-шығармашылық  деңгейін көтеру; олардың еңбек рыногындағы бәсекелесу қабілетін көтеру;
8. қоғамның  назарын ғылым және техника жағдайына аудару; инженерлердің қоғамдағы әлеуметтік рөлін көтеру;
9. ұқсас отандық және шетелдік бірлестіктермен және одақтармен ынтымақтастық;
10. ғылым және техника саласында халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес мекемелермен ынтымақтастық;
11. қазақ іс-тәжірибесіне техника және техникалық білім жүйесіне халықаралық кәсіби стандарттарды еңгізуге қамқор ету; отандық кәсіби стандарттарды өндіру және оларды бұзбай сақтауын бақылау;
12. жас қазақ инженерлермен жұмыс жүргізуін ұйымдастыру;
13. қазақ инженерлер мен ғалымдардың ең жақсы үлгілерін елге тарату;
14. қазақстандық ғылым және техника заңнамасын жетілдіруіне қатысу; инженер-техникалық қызметкерлер іс-әрекетіне байланысты халықаралық нормалардың жүзеге асыру жұмысына қамқор ету;
15. техникалық мамандар және тағы да басқа шектес кәсіптер өкілдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық тілін дамытуға бағытталған қимылдарын үйлестіру; тәжірибені талдап қорыту және проблемаларды шешу;
16. қазақстанның интеллектуалдық және ғылыми-техникалық потенциалын ең толық пайдалануына және Қазақстан Республикасының демократиялық, ақсүйек, құқықтық  және әлеуметтік мемлекет болам деген конституциялық негіздерін жүзеге асыру үшін мемлекет және қоғам институттарына қамқор ету;
17. қазақ инженерлердің кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламаларын іске асыру және олардың техникалық білімдерін жоғары сатыға көтеру;
18. кәсіби тәртіп және этика әйгілі принциптарына негізденген мәдениетті қалыптау;
19. ағылшын-қазақ техникалық сөздігін құру;
20. шетел тілдерден қазақ тіліне ең жақсы техникалық мақала және кітаптарды аудару;
21. ғалым және техниканы мемлекеттік тілде насихаттау және елге тарату; Бірлестіктің идеал мен мақсаттарын жамағат ішінде насихаттау;
22. мемлекеттік тілдегі техникалық терминология мәселелеріне байланысты әр түрлі мемлекеттік мекемелермен және басқада қоғам құрамалармен әрекеттестік;
23. мемлекеттік тілде баспа ісін жүргізу;
24. интернетте мемлекеттік және ағылшын тілінде интернет ресурсын құру және қолдау;
25. мемлекеттік тілде тренинг, семинар, конференция, симпозиум, жиналыстар және басқа шараларды ұйымдастыру;
26. ұйым қызметін қаржымен қамтамасыз ету;
27. заң тыйым салмаған басқа да қызметтер атқару.

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)