Жарғы


1. Жалпы ережелер

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БІРЛЕСТІГІ (одан әрі мәтінде: Бірлестік) бірлестік мүшелерінің кәсіби мүдделерін іске асыру, қорғау және қанағаттау, ғылыми - техникалық прогресс және мемлекеттік техникалық тіл даму мақсатында жұмыс істейтін, қоғам бірлестігі түрінде құрылған коммерциялық  емес Қазақстан Республикасы азаматтарының ұйымы болады.
Бірлестік өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасының басқа заңдарының, халықаралық шарттарының және осы Жарғының шеңберінде атқарады.
Бірлестік өз жұмысын еркін, мүшелерінің тең құқықтық, демократиялық, өзін-өзі басқару, заңдылық, есеп берушілік және жариялылық принциптарымен атқарады.
Бірлестіктің заңдылық тұлға ретінде құқық қабілеті Қазақстан Республикасы әділет мекемелерінде тіркелген мезетінен басталады.
Бірлестік мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады; соттарда талапкер және жауапкер бола алады; жарғы мақсаттарына және қызмет тақырыбына сәйкес тағы да басқа істерді атқара алады.
Бірлестіктің есеп айырысу шоты, өз аты жазылған мөрі және дербес балансы бар.
Бірлестіктің толық атауы
мемлекеттік тілде: "ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БІРЛЕСТІГІ" қоғамдық бірлестігі
орыс тілде:  Общественное объединение "КАЗАХСКОЕ ИНЖЕНЕРНОЕ СООБЩЕСТВО"
ағылшын тілде: Professional association «KAZAK ENGINEERING SOCIETY»
4. Бірлестіктің құрылымы

4.1. Бірлестіктің ең жоғары мекемесі - жиналыс. Жиналыс барлық мәселелерді талқылауға құқығы бар.
4.2. Жиналыс үш жылдық мерзіміне Кеңес және Тексеру Комиссиясын мүшелерін сайлайды.
4.3. Жиналыстың уақытын, өтетін орнын және күнтәртібін  Кеңес бес күн бұрын хабарлайды. Жиналыс Кеңес белгілеген мерзімде жиналады, алайда кемінде үш жылда бір рет жиналу қажет. Жиналыс ашық дауыспен жұмыс президиумін сайлайды.
Жиналыс жүргізуге президиум өзінің ішінен төраға (төрайым) және хатшыны сайлайды.
4.4. Жиналыстың ерекше уәкілеттілігі болып саналатындар:
Жарғыға өзгерістер және қосымшаларды еңгізу;
Кеңестің мүшелерін сайлау;
Тексеру Комиссиясын сайлау;
Кеңес және Тексеру Комиссиясының есептерін тыңдау;
Бірлестіктің халықаралық қоғамдық ұйымдарына кіру-шығу шешімдерін қабылдау;
Бірлестіктің қызметіне байланысты тағы да басқа осы Жарғының шеңберінен шықпайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4.5. Жиналыстардың арасындағы мерзімде атқарушы орган болып Кеңес табылады. Кеңес құрамы Төраға (Төрайым), Хатшы және мүшелерден тұрады. Кеңестің саны жиналыста анықталады. Жиналыс Кеңеске жиналыстардың арасындағы мерзімге белгілі құқықтар береді.
Төраға (Төрайым) жұмыстан босап қалған кезде, келесі жиналысқа дейін оның қызметін Кеңестің шешімі бойынша Кеңестің бір мүшесі атқарады.
Кеңес өзінің қызметін қоғамдық негіздерімен атқарады. Кеңес келесі жиналысқа дайындалу жұмыстарын жүргізеді, жиналыстың шешімдерін және үндеулерін жүзеге асыру жұмыс барысын қадағалайды.
4.6. Кеңес отырыстары керек жағдайда, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Кеңес шешімдері мүшелердің жалпы санынан көпшілік жай дауысымен қабылданады.
4.7. Кеңес отырыстары мүшелердің жалпы санының кемінде жартысы қатысса құқықты деп есептеледі.
4.8. Кеңес:
келесі жиналыстарға дайындалу жұмыстарын жүргізеді;
Кеңес құрамы сайлаулар арасындағы кезеңде 50 %ға жаңартылса, кезектен тыс жиналыс шақырып ұйымдастырады;
Жиналыс шешімдерін және үндеулерін жүзеге асыруын қадағалайды;
Жарғы міндеттерін орындауға бағытталған мәселелерді қарастырады, шешімдер қабылдайды, шаралар бекітеді;
Жарғыға өзгертулер және қосымшаларды енгізуге және Бірлестікті қайта құру я жою ұсыныстарды талқылауды ұйымдастырады;
Кеңестің Төраға (Төрайым) және Хатшы кандидатураларын бекітеді;
Кеңестің жұмыс кестесін және жоспарын бекітеді;
Шығындар сметасын бекітеді және мүлік сатып алу я мүліктен айыру мәселелерді шешеді;
Бірлестік мүшелерінің Кәсіби әдебі Кодексін сақтау мәселелерін қарастырады;
Бірлестік мүшелерінің үндеулерін қарайды және мүшелердің құқықтарын, намысын, абыройын және (әлеуметтік, материалдық және т.б.) мүдделерін қорғауға шара қолданады;
кәсіби әдебі комиссиясының құрамын және оның жарғысын бекітеді;
бірлестік мүшелерінің ынталандыру мәселелерін шешеді, "Құрметті мүше" атағын береді.
4.9. Кеңес төрағасы (төрайымы):
Кеңес отырысын жүргізеді;
Кеңес шешімдерін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
сенімхатсыз Бірлестік атынан іс атқарады; оның мүдделерін үкімет және қоғам ұйымдарында, басқа мекемелерде білдіреді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;
өкімет органдары және мекемелерінде, басқа қоғам бірлестіктермен және басқа ұйымдармен қатынастарда Бірлестіктің атынан сөйлейді;
осы Жарғы бойынша Кеңестің және жиналыстың өкілеттігіне жатпайтын, Бірлестіктің қызметіне байланысты басқа да мәселелерді шешеді.
4.10. Кеңес хатшысы:
Кеңес төрағасының тапсырысы бойынша үкімет және басқа ұйымдарда Бірлестік және Кеңес атынан сөйлейді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;
іс жүргізу қызметін ұйымдастырады;
шара және жұмыс кестесін дайындайды және оларды Кеңеске бекітуге ұсынады;
кеңестің шара және жұмыс кестесінің іске асыру жұмыс барысын қадағалайды;
Кеңестің жұмыс кестесін дайындайды;
Кеңестің қаржы-шаруашылық қызметін жүргізеді.
4.11. Бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру үшін жиналыс үш жылдық мерзімге тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссия өзінің құрамынан төрағасын (төрайымын) белгілейді, отырыстарын кемінде жылына бір рет өткізеді.
4.12. Төраға (төрайым), Хатшы я басқа да Кеңестің немесе Тексеру комиссияның мүшелері мүшеліктен шығатын кезде, Кеңес шығып кеткен мүшенің қызметін Бірлестіктің басқа мүшесіне артуға құқығы бар.

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)