Болашаққа көзқарас
- Толығырақ
- Жарияланды 08.12.2010 22:28
БОЛАШАҚТЫ ОЙЛА, ИГІЛІК МАҚСАТ ҚОЙЫП ЖОЛДАН ТАЙМА
Фирдоуси
Органикалық отын мен табиғат қорларының азаюы негізінде әлемдік економикалық жахандық процесстің жағымсыз зардап шегіп дамуы дамыған елдер үшін ұлттық ұқсастықтың жоғалуы, ұлттық економиканың құлдырауы, әлемде аса байлықтың азшылығымен және тыс кедейліктің көпшілігінің арасындағы жарық теребелесінің күрт өзгеруі, қоғамдық және этноаралық қатынастардың шиеленесуі адамзаттан әлеуметтік, економикалық және ғылыми-техникалық негізінде ұстанған жаңа заман құруын тосуда.
Біз болашақта Бірлестігімізді қалай елестетеміз?
Біз бірлестігімізді бүкіл әлемге әйгілі және кең танымал деп көреміз. Ол басқа бірлестіктер мен одақтарға үлгі болып табылады. Өз өмірін ғылым мен техниканың дамуына арнаған әр адамға - бірлестіктің мүшесі болу абырой және зор мақтаныш. Қоғам біздің бірлестікті ақиқатқа негізделген көзқараспен қабылдайды.
Қазақ тілін білетін, сүйетін және құрметтейтін өндіріс, информатика, енергетика саласындағы сауатты және жоғары білімді мамандар біздің бірлестіктің мүшесі болады. Олар өз елінің өркендеуәне сенетін, елінің патриоттарі. Бірлестік мүшелерінің негізгі жеке қасиеттері – намыс, абырой, адамгершілік, тәртіп болып саналады. Олар жалпы адамзаттың негізгі құндылықтарын құптайды және жарқын көзқарастармен пікірлерін өрлеп жоғарлауына рухтандырады.
Бірлестік мүшелері қазіргі заманның жалпы осалдығын түсініп, бүкіл азаматтың және қазақ халқының тағдырына жауапкершілігін сезінеді. Олар өз елінің болашағын ойлап, айналасындағы әлемді өзгерте алатындарына сенеді. Әлемдік ақпарат торына тез кіре алады, ғылым және техника саласында жоғары технолгиялық инженерлік зерттеулер жүргізеді.
Біз болашақта Қазақстанды экологиялық таза қуат көздері бар ел ретінде, әлемдік парасатты және мәдениетті басшы болып орныққан, ғылыми-техникалық және мәдени идеяларды жасауға қабілеті бар және жүзеге асыра алатын, әлем құрметіне бөлене отырып, халықты сапалы және жоғары деңгейде қаматамасыз ететін, өзіне адамдар мен капиталды жақындатып, ғылыми өнімді експортқа шығаратын ел ретінде көреміз.