Ашыған сүттен алынатын матадан киім тігеді десе сенер ме едіңіз?

Ашыған сүттен алынатын матадан киім тігеді десе сенер ме едіңіз?Немесе желсіз күннің өзінде-ақ электр қуатын өндіруге қауқарлы жобаға да күмәнмен қарарыңыз анық. Оралдық өнертапқыштардың осы және өзге де озық идеялары «Инновациялық форсаж» атты республикалық көрмеге қойылды. Ел ішіндегі ерекше идеяларды іріктеу мақсатында жолға шыққан автобус бүгін Ақжайық өңіріне барды. Инновация игілігі күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылуы тиіс.

Осы салада бақ сынауға бекінген оралдық өнертапқыштар бұған сенімді. Мәселен, желдің күшімен айналатын 4 генераторды бірден іске қосса, онда түгел бір үйді электр қуатымен қамтуға жетеді.

Сайранбек АХМЕТОВ, ғылыми-білім кешенінің жетекшісі:

- Бұл жел агрегатының негізгі басқа агрегаттарға қарағандағы айырмашылығы - 2 метр секунд жылдамдықта істеуі. Сесебі осыған дейінгі қондырғылар кемінде 5 метр секунд желдің жылдамдығы болғанда ғана жұмыс жасайтын еді.

Көрмеде жиырмаға жуық жоба көпшілік назарына ұсынылды. Ауылшаруашылығы, құрылыс, өндіріс пен өнеркәсіп салаларында пайдаға асарлық жобалар бар. Әсіресе, инновация жетістігін ел игілігіне жаратуға құлшынған жастардың қатары артып отыр.

Марат КӘРІМОВ, Батыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Мысалыға, ашыған сүттен мата жасау жобасы бар. Ол жобаны Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ұсынып отыр. Осындай технология қазір Қазақстанда жоқ.

2010 жылы өңірде 20 миллион теңгеге 3 жоба, ал 2011 жылы 13 миллион теңгеге 2 жоба қаржыландырылды. Өткен жылы да оралдықтардың озық жобалары көш соңында қалған жоқ. Инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдаудың тетіктері биыл да ұлғая түспек.

Серік МАРАТОВ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры:

- Конкурс туралы айтар болсақ, оның жүлдесі 11 миллион теңге. Бірінші орын 7,5 миллион, 2-орын 2,5 миллион, ал 3-орын 1 миллион теңге алады. Көпжоба алып кетеміз деп ойлап отырмыз. Былтыр оралдықтарда көп жоба болды. Финалда 2-орын Орал қаласының тұрғыны 2,5 миллион теңгені ұтып алды.

Биылғы көрмеге тек ғылыми кешен ғана емес, бизнес қауымдастығы да белсене қатысуда. Ал «Инновациялық форсаждың» ендігі бағыты Атырау өңірі болмақ.

www.24.kz

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)