Техникалық мақала конкурсы
- Толығырақ
- Категория: Қоғам жаңалықтары
- Жарияланды 08.08.2010 00:25
Қазақ инженерлер бірлестігі жақында Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары арасында техникалық мақала конкурсын жариялады.
Конкурс ережелері
1. Жалпы ережелер
Сайысқа Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары қатысады;
Сайыстың басты мақсаты - оқушылардың нақты ғылымдардан алған білімдерін дамыту, оқырмандарды техникаға қызықтыру;
Сайыс қазақ тілінде жүргізіледі.
2. Өткізілетін уақыты және кезеңдері
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – оқырмандар мақалаларын үйден жазып әкеліп, кітапханаға тапсырады (10 тамыз – 10 қыркүйек арасында);
Екінші кезең – 10-20 қыркүйек арасында КІВ (Қазақ инженерлер бірлестігі) мамандары мақалаларды бағалайды;
Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау – 21 қыркүйек күні, сағат 4те, кітапхана ғимаратында.
3. Мақалаларға қойылатын талаптар
Мақала қазақ тілінде жазылады;
Мақалалардың тақырыбы: көлік. Мысалы, ұшақ, кеме, метро, локомотив, көпір, жол, автобус, такси, лифт, велосипед, паром, әйгілі инженер, тағы да басқалар;
Мақала энциклопедиялық түрде жазылуы керек. Мазмұнында сөздің мағанасы, айтылған нәрсенің құрылымы, тарихы, түрлері, қолдану аймақтары, қызықты фактілер тағы да сол нәрсенің мағанасын түсіндіретін бөліктер болуы керек;
Мақаланың көлемі кемінде 400 сөз болуы керек, мақаланың аяғында автордың аты – жөні жазылады;
Мақала MS Word форматында тапсырылады, шрифт Arial,12;
Мақалаға сүреттер қосуға болады;
Басқа бір адамның мақаласын көшіріп тапсыруға болмайды, авторлық құқығының сақталуына оқырман өзі жауап береді.
4. Конкурс өткізу тәртібі
Конкурсқа жазылған мақалалар электрон формасында кітапханаға тапсырылады;
Конкурсқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды;
Конкурсқа жіберілген жұмыстардың иелері өзінің авторлық құқығынан айырылады, айтылған мақалалар КІВтың интернет сайтында жазылған күйінде өзгертілмей не өзгертіліп жариялануы мүмкін.
5. Мақалаларды бағалау критериялары
Грамматикалық қателер;
Мақала көлемі;
Мақала құрылымы.
6. Жеңімпаздарды марапаттау және конкурсты қорытындылау
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Конкурс критерияларына лайықты 20 мақалаға ынталандыру жүлдесі беріледі;
Конкурс қорытындылары www.kazib.kz КІВтың ғаламтор сайтында жарияланады.