Техникалық мақала конкурсының қорытындысы шығарылды

Техникалық мақала конкурсының қорытындысы шығарылдыБөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары арасында Қазақ инженерлер бірлестігі (KIB) жақында жариялаған техникалық мақала конкурсы аяқталды.

Сайысқа Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары қатысты.

Сайыстың басты мақсаты -  оқушылардың нақты ғылымдардан алған білімдерін дамыту, оқырмандарды техникаға қызықтыру. Сайыс қазақ тілінде жүргізілді.

21 қыркүйек күні, сағат 4те, кітапхана ғимаратында марапаттау мерекесі өтті.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және құнды жүлделермен марапатталды.
Конкурс критерияларына лайықты барлық мақала жазушыларға ынталандыру жүлдесі берілді.

Бірінші орын 4 мектеп 8 сынып оқушысы Темірлан Даулетьяровқа берілді, екінші орынды Қызылтал орта мектебінің 8 сынып оқушысы Еламан Қазикеш алды, ал үшінші орынға 3 меткеп 6 сынып оқушысы Ақылбек Амандаулетов ие болды.

Ынталандыру дипломдарына Ғазиза Ізбасарова, Гаухар Ұзақбаева, Гаухар Уәлиханова, Альбина Әбдрахманова, Мирас Оразбаев, Дастан Оразбаев, Рафис Усманов ие болды.
Барлық сайысқа қатысқан балалар KIB бірлестігінің логотипы салынған бокалдарға жүлделі болды.

Техникалық мақала конкурсының қорытындысы шығарылдыТехникалық мақала конкурсының қорытындысы шығарылдыТехникалық мақала конкурсының қорытындысы шығарылды

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)