Энергетик күніне арналған техникалық мақала конкурсы

Энергетик күніне арналған техникалық мақала конкурсыЭнергетик күніне арналған техникалық мақала конкурсы
22 желтоқсан – Энергетиктер күні. Осы мейрамға арнап Қазақ инженерлер бірлестігі Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары арасында техникалық мақала конкурсын жариялады.

Конкурс ережелері

1. Жалпы ережелер

 Сайысқа Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары қатысады;
 Сайыстың басты мақсаты -  оқушылардың нақты ғылымдардан алған білімдерін дамыту, оқырмандарды техникаға қызықтыру;
 Сайыс қазақ тілінде жүргізіледі.

2. Өткізілетін уақыты және кезеңдері

Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
 Бірінші кезең – оқырмандар мақалаларын үйден жазып әкеліп, кітапханаға тапсырады (20 қазан – 9 желтоқсан арасында);
 Екінші кезең – 10 - 21 желтоқсан арасында КІВ (Қазақ инженерлер бірлестігі) мамандары мақалаларды бағалайды;
 Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау – 22 желтоқсан күні, сағат 4те, кітапхана ғимаратында.

3. Мақалаларға қойылатын талаптар

 Мақала қазақ тілінде жазылады;
 Мақалалардың тақырыбы: Энергетика;
 Мақала энциклопедиялық түрде жазылуы керек. Мазмұнында сөздің мағанасы, айтылған нәрсенің құрылымы, тарихы, түрлері, қолдану аймақтары, қызықты фактілер тағы да сол нәрсенің мағанасын түсіндіретін бөліктер болуы керек;
 Мақаланың көлемі кемінде 400 сөз болуы керек, мақаланың аяғында автордың аты – жөні жазылады;
 Мақала MS Word форматында тапсырылады, шрифт Arial,12;
 Мақалаға сүреттер қосуға болады;
 Басқа бір адамның мақаласын көшіріп тапсыруға болмайды, авторлық құқығының сақталуына оқырман өзі жауап береді.

4. Конкурс өткізу тәртібі

 Конкурсқа жазылған мақалалар электрон формасында кітапханаға тапсырылады;
 Конкурсқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды;
 Конкурсқа жіберілген жұмыстардың иелері өзінің авторлық құқығынан айырылады, айтылған мақалалар КІВтың интернет сайтында жазылған күйінде өзгертілмей не өзгертіліп жариялануы мүмкін.

5. Мақалаларды бағалау критериялары

 Грамматикалық қателер;
 Мақала көлемі;
 Мақала құрылымы.

6. Жеңімпаздарды марапаттау және конкурсты қорытындылау
 Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
 Конкурс критерияларына лайықты 20 мақалаға  ынталандыру жүлдесі беріледі;

 Конкурс қорытындылары www.kazib.kz КІВтың ғаламтор-сайтында жарияланады.

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)