Екінші техникалық мақала конкурсы аяқталды
- Толығырақ
- Категория: Қоғам жаңалықтары
- Жарияланды 28.12.2010 01:12
22 желтоқсан күні Бөрлі аудандық балалар кітапханасының оқырмандары арасында Қазақ инженерлер бірлестігі (KIB) жариялаған екінші техникалық мақала конкурсы аяқталды.
Сайыстың басты мақсаты - оқушылардың нақты ғылымдардан
алған білімдерін дамыту, оқырмандарды техникаға қызықтыру. Сайыс қазақ тілінде жүргізілді.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды жүлделермен марапатталды. Конкурсқа қатысқан барлық балалар да ынталандыру сыйлығына ие болды.
Бірінші орынды 6 мектептің 8 сынып оқушысы Гүлнұр Өтепқалиева жеңіп алды. Екінші орын Пугачев орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айсауле Беккужинаға берілді. Үшінші орынға 6 мектептің 7 сынып оқушысы Жанна Боранова ие болды.
Ынталандыру дипломдары Мөлдір Өтепқалиеваға, Ғазиза Ізбасароваға, Ақылбек Амандаулетовке, Гүлнәз Ишановаға, Мирас Оразбаевқа, Айлина Тюмебаеваға, Әділет Байниязовқа, Сұлтан Қапсеновке тапсырылды.
Сонымен қатар, сайысқа қатысқан барлық балаларға KIB бірлестігінің логотипы салынған қаламсап пен күнделіктер берілді.
Марапаттау рәсіміне халықаралық техника мен технология қоғамының (IET) мүшесі, КПО компаниясының бас энергетигі Кристофер Даунс қатысты.