Дүниежүзілік инженерлер конгрессі WEC2011
- Толығырақ
- Категория: Қоғам жаңалықтары
- Жарияланды 29.12.2011 01:26
4-8 қазан күні Женева (Швейцария) қаласында кезекті дүниежүзілік инженерлер съезі өтті. Ресми шараға 86 мемлекеттен келген 1800 инженер мен кәсіпкерлер қатысты.
Съезді Дүниежүзілік Инженерлер Ұйымдар Федерациясының (WFEO)
қамқорлығымен ұйымдастырған Швейцария Инженерлер Федерациясы. Бұл инженерлердің бірінші жиналысы емес, бұдан бұрын осындай жиналыстар Ганноверде (2000 жыл), Шанхайда (2004), Бразилиада (2008), Кувейтта (2009) және былтыр Рио-де-Жанейро қаласында өтті.
Съезде энергия сақтау, энергия өзгерту және тарату, альтернативтік энергия көздерін қолдану, үлкен қалалардың дамуы, көлік проблемалары, инженерлік білім мәселелері талқыланды. Жақында болған Фукушима апатына байланысты болашақ атом электр станцияларын құру және қолдану мәселелері де талқыланды.
Әлемнің барлық инженерларының алдында тұрған негізгі проблема: қалай барлық жер тұрғындарына энергияны жеткінішті мөлшерде қамтамасыз ету және табиғатты (қоршаған ортаны) болашақ ұрпақтарға бүтіндей түрде сақтап қалу.
Съезге Қазақстаннан Қазақ Инженерлер Бірлестігі (KIB) делегациясы қатысты. Олар негізгі пленарлық отырысқа, съездің ашу және жабу церемониясына, форумдарына және жалпы жиналыстарына қатысты. Лозанна қаласындағы әлемдегі озақ институттарының бірі – Лозанна мемлекеттік ғылыми институтіне (EPFL) кіріп шықты.
Осындай инженерлер конференциялары жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Келесі жылы қазақ инженерлері Словенияда өтетін инженерлер жиналысына барағалы тұр. Олардың айтуынша, осындай форумдар дүниежүзілік инженерлер қауымын біріктіреді, инженерлер өз тәжірибелерімен бөліседі.