Ұлы Британия үкіметі ұрланған ұялы телефондарды қайта пайдалану үшін шаралар қолдануда
- Толығырақ
- Категория: АТ
- Жарияланды 23.07.2010 20:08
Телефоны ұрланғанын әншеійнде қожасы жылдам байқайды, сондықтан телефон тез блокталып, ұрыға пайдасыз болып қалады.
Дегенменде, телефон әлі де қайта өндіру фирмасына сатылып, сонан соң (кім білген) шет елдерге қолдануға және сатылуға кетіп қалуы да мүмкін. Шынымен осылай телефон ұрлап сату қазір өте өнімді кәсіп болды.
Осыны көре отырып үкімет жаңа заң шығаруда. Бұл заң бойынша, телефон қайта өңдеу фирмасы әр әкелген телефонды (National Mobile Phone Register) Ұлттық Ұялы Телефон Тізімінен тексеру қажет. Бұл тізімге барлық ұрланған ұялы телефондар тіркеледі.
ВВС хабарламасы бойынша, қайта өндеу өндірісінің 90% осы ережені сақтайтын болды. PC World компаниясы айтуы бойынша, Ұлы Британияда жыл сайын 100 мың телефон ұрланып қайта өнделеді.
Телефон ұрлығына байланысты назар аударатын тағы да бір бағыт – музыкалық консерттерде анқаулардың қоржындары мен артқы қалталарынан ұрлайтын ұры топтар.
TechWatch