Қазақстан мен Эстония АКТ секторында ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Эстония АКТ секторында ынтымақтастықты кеңейтудеМемлекет басшысының Эстония еліне ресми сапары барысында  делегация құрамында  бола жүріп,  мен соңғы бірер күнде твиттерліктермен  алған  әсерлеріммен  бөліскен  едім. Сапар өте жемісті өтті, себебі  Эстонияның  электрондық үкімет пен электрондық дауыс беруді енгізудегі және инновациялық-техникалық кластерді жүзеге асырудағы  тәжірибесі өте мол.

Бүгінгі таңда Эстония ақпараттық технологияларды дамытуда  Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингісінде  жетекші орында тұр.  Соңғы 20 жылда  бұл елде «Электрондық үкімет» тұғырнамасы әзірленіп, жүзеге асырылды.  Бұл жоба үшін Эстония елі  1,5 млрд.АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсаған. Электрондық қызмет көрсетулердің  Демо-орталығы қатты ұнады. Онда  өздері  әзірлеп, жүзеге асырған  АКТ-жобалары қойылған.  «Е-мектеп», «X-tee» және мобильдік телефон арқылы басқарылатын газет дүңгіршегі, цифрлық ТВ, Mobiil-ID және өзге де көптеген жобалар мені қызықтырды.

Сөз орайы келгенде айтып өтейін, біз биыл еліміздің ірі сауда орталықтарында  eGov-тың  шоу-румын ашатын боламыз. Ол жерден сіздер тек ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба)  алып қана қоймайсыз, сонымен бірге портал  жұмысымен танысып, электрондық қызмет көрсетулер туралы  білікті мамандардан кеңестер ала аласыздар. Эстонияда  салық төлемдері үлкен сұранысқа ие. Салық төлемдерінің  99% электрондық түрде өтеледі.  Азаматтар  өзінің  интернет-банкісінің немесе мобильді телефонының ID-картасы арқылы  «е-Салық» жүйесіне кіріп, салық декларациясына өзгерістер енгізіп және оны растау арқылы өтейді. Бұл жерде қағаз бастырып шығару немесе кезекте тұрудың еш қажеттілігі жоқ. Қазақстандықтар  бүгін де www.egov.kz порталы арқылы салықтарын төлей алады. Шынымен де, бұл қызмет сұранысқа ие. 2011 жылдың басынан бері, бюджетке 4млн. теңгеге жуық қаржы түскен болатын.

Жоғарыда мен айтып өткен  ID-карта- ол арнайы чип бекітілген азаматтың жеке куәлігі. Чипте екі сертификат сақтаулы: бірі карточканың сәйкестігін растаса, екіншісі карточка иесінің электрондық сандық қолтаңбасы. Эстонияда  ID-карта барлық инновациялық жүйелердің ең негізгі элементі болып табылады. Қазақстанда біз жақын уақытта электрондық сандық қолтаңбаны  азаматтың жеке куәлігіне енгізетін боламыз. Бұл өз кезегінде, электрондық сандық қолтаңба алу үдерісін жеңілдетіп, тұрғындар арасында  е-қызмет көрсетулерге деген сұранысты  арттыра түседі.
Эстонияның жетістіктерін айтқан кезде,  осы елдегі Интернет қызметтерінің танымалдылығына  тоқталып өту керек.  Эстония Интернетті өткізу  қабілеті  бойынша әлемде  22 орында. Бұл біріншіден, географиялық көлемінің аздығына  және халық  тығыздығының жоғарылығына байланысты. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша биыл 68 орынды иеленіп отыр (былтыр – 93 орын).

Қазақстанда  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасына және Интернетке кең жолақты қолжетімділік пен жаңа технологияларды  дамытудың (FTTH, FTTB, Wimax, 3G и LTE) «Жол картасын» дайындаудың арқасында  Интернет желісіне қосылу мөлшерін 100% дейін жеткізіп, оның жылдамдығын арттыруды жоспарлап  отырмыз.
Мемлекет басшысы сапар барысында  Қазақстанда электрондық үкіметті, әлеуметтік маңызды мемлекеттік  қызмет түрлерін және инновациялық-технологиялық кластерді жүзеге асыруда   эстондық тәжірибені  енгізу бойынша   ынтымақтастықты арттыруды   маған нақты тапсырды.  Жақында Президент  Байланыс және ақпарат министрлігінің алдына  байланыстың 4G стандартын  жеделдетіп енгізу және  мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру  міндетін  қойды. Алға қойған  міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда эстондық әріптестеріміздің тәжірибесін пайдалана отырып,  жұмыс істейтін боламыз. 

Жұмағалиев А.Қ.
ҚР Байланыс және ақпарат министрі

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)