Тез пернелер
- Толығырақ
- Категория: АТ
- Жарияланды 06.02.2012 20:13
Пернетақтада (Клавиатура) батырмалардың қосып басқанда орындалатын жылдам командаларға қысқаша шолу.
Күнделікті жұмысым компьютермен байланысты болғандықтан пернетақтада жылдам жұмыс жасағанды ұнатамын. Қазір мен сіздерге екі не үш пернетақтаның клавиштері басылып жылдам орындалатын, өзімнің күнделікті қолданытағы батырмалар таныстырып шықсам. Қосымша оларға түсініктемені жазып кетейін.
Ең қолданыстағылардан бастай кетейін(ходовой). :)
1. Ctrl+C — Қандай болмасын файлдың көшірмесін алып сақтап тұрады(Копировать). Сіз қою командасын бергенде (Вставить) көшірмесін қояды.
2. Ctrl+V — Көшірмені қою (Вставить) Көшірмеге алған құжатты осы пернелерді басу арқылы көшірмесін қою.
3. Ctrl+Z — Болдырмау(Отменить). Қандай да бір әрекет жасағанда қате жіберіп қойсаңыз, қайта қалпына келтіру. Мысалы сіз Ворд мәтіндік редакторында байқамай қате жіберіп қойсаңыз Ctrl+Z басу арқылы қалпына келтіресіз.
4. Ctrl+Y — Бұл батырмалар керсінше әрекет жасайды. Алдыңғы амалға қарама-қарсы қызмет атқарады.
5. Ctrl+N — Жаңа құжат жасау.(Создать)
6. Ctrl+O — Ашу.(Открыть) Сіз бір бағдарламада жұмыс жасайсыз. Ctrl+O басу арқылы сіз бағдарлама ашатын құжатты іздеп, тез ашу үшін арналған.
7. Ctrl+P -Баспаға жіберу.(Печать)
8. Ctrl+T — Жаңа вкладка ашу. Мен браузерді қолданғанда міндетті түрде осы батырманың көмегіне жүгінемін. Ctrl+T басу арқылы қалаған сайттар тізімін бір ашық терезеде жинастырамын.
Енді Windows батырмасы белгішесімен қоса басылып орындалатын командалардың тізбегін жаза кетейін. Ол батырма төмендегі суретте көрсетілген.
1. Win+E — Жол көрсетуші(Проводник). Немесе жылдам менің компьютеріме жылдам кіру үшін қолданылады.
2. Win+R — Орындау (Выполнить). Орындау мен комьютердің баптаулары немесе кей бағдарламаларды ашу үішн қолданамын. Мысалы: Win+R басып орындауды шақырып сонда Calc деп жазып Enter батырмасын шертсем Калькулятор ашылады. Notepad Блакнотты шақырады, WinWord Ворд мәтіндік редакторын ашады.
3. Win+D — Қандай терезе немесе қанша ашық тұрған бағдарлама болмасын барлығын жұмыс үстеліне жинап қояды. Орысша айтқанда Барлық бағдарламаларды Свернуть етіп қояды.
Келесі кезек кейбір пернетақтадағы батырмалардың бірігіп орындайтын әрекеттері.
1. Ctrl+Shift+Esc — Диспетчер Задач-қа жылдам кіру үшін. Немесе ол әрекет Ctrl+Alt+Del. Меніңше бірінші жазған жол ең тиімдісі.
2. Alt+Tab -Жұмыс үстелінде ашып, жұмыс істеп отқан бағдарламалардың арасында тышқанның көмегінсіз жылдам қатынау үшін қолдансаңыздар болады. Windows 7 нұсқасында осы жағдайға қосымша Win+Tab басу арқылы тамаша етіп шығарылған, 3D түрінде ауысқанын көре аласыздар. :)
www.aitaber.kz