OpenOffice деген не?

OpenOffice деген не?OpenOffice құжаттармен жұмыстауға арналған тегін ашық кодты - (Open source) бағдарлама. Оны кез келген адам интернеттен тартып алып тегін пайдалануға рұқсат етілген. Баламалы түрде айтар болсақ біздің күнделікті керектеніп үйреніп кеткен Microsoft Office бағдарламасы сияқты. Ал оның Microsoft Office - тан өзгешелігіне келер болсақ ең бірінші оның тегін әрі ашық кодты болуы.

 

Тегін ашық кодты - (Open source) бағдарламалардың пайдасы қандай?

Ең бірінші оның тегін ашық қодты болуы сол арқылы бізге оны өз қалағанымызша өзгертіп, кеңейтіп дамытып еркін түрде пайдалануымызға мүмкіндік жасауы.

Мысалы: Сізге Microsoft Office 2010 нұсқасын $100 - ға, дәл сол сияқты OpenOffice 3 нұсқасын тегін әрі қалағаныңызша өзгертіп қолданыңыз деп екеуін қатар ұсынса қайсысын қалап таңдар едіңіз?. Әрине сауатты тұтынушы болсаңыз OpenOffice 3 - ті таңдап, оны қалағаныңызша өзгертіп, тіпті оны өзіңізге түсінікті етіп Қазақшаға да аударып алып пайдаланар едіңіз.

OpenOffice төменде көрсетілгендей бөліктерден құралған толықтай құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Linux, OS X, Windows және тағы басқа операциялық жүйелерге арналып дамытылған қолданбалы бағдарлама.

Text Document
Microsoft Office - тің Word бағдарламасы сияқты мәтіндерді басқаруға арналған.

Spreadsheet
Microsoft Office - тің Excel бағдарламасы сияқты кестелерді басқаруға болады.

Presentation
Microsoft Office - тің Powerpoint бағдарламасы сияқты слайдтар даярлауға арналған.

Drawing
Вектор графиктер сызуға басқаруға арналған

Database
Microsoft Office - тің Access бағдарламасы сияқты дерек қорларды басқаруға арналған.

Formula
Математикалық өрнектерді оңай жазуға болады

OpenOffice - тің қарапайым түріндегі мүмкіндіктері: Онда сіз даярлаған құжаттарыңызды Microsoft Office форматтарында сондай - ақ PDF форматында сақтай аласыз.

Толық қазақшаға аударып, пайдалануға татитын дүниенің бірі осы тегін ашық кодты OpenOffice бағдарламасы!
OpenOffice - те басқада қандай мүмкіндіктер барын оны қалай кеңейтіп қолдануға болатынын алдағы уақытта жеке тақырып болдырып жазамыз.

OpenOffice - ты http://www.openoffice.org/download/index.html осы сілтеме арқылы тартып алып пайдалансаңыз болады.
Толығырақ білу үшін: http://en.wikipedia.org/wiki/OpenOffice

http://www.maqam.kz/

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)