Бритиш Tелеком компаниясы интернет кабелі ұрыларымен соғысуда
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 27.07.2010 21:59
Бритиш Телеком (BT) мыс кабельдер ұрлығын тоқтату үшін өзінің жабдықтарын жоғары технология пайдаланып із қалдыратын сұйықтықпен қаптайтын болды. Мыс ұрлануы өткен жылы 9%ке өскенін BT қайғырып отыр. Бұл бірнеше миллион паунд және тұтынушыларға интернет қосымы жоғалған уақыт. Осы сәуір айында Кент қаласында
қылмыскерлер 3 км кабель қиып алып 2000 адам интернеттен айырылды. SmartWater дегеніміз көзге көрінбей саусақта қалатын бояудың түрі.
Ұрыны ұстау және үркіту үшін ВТ фирмасы осы SmartWater системасына назар аударуда. SmartWater бояуы тек қана арнайы ультрафиолет жарығына көрінеді және оған қосымша әрбір жердің жергілікті бояуы өзгеше химикалық кодымен жазылады екен.
Openreach атты ВТдың техникалық бөлімшесі өзінің жабдықтарын және кабельдерін осы сұйықтықпен сырлайды, ұрланған кезде із дәл үйіне апарады. Кейбір қауыпты жерлерде осыған қосымша SmartWater ұрының үстіне спрей шашады, бұл спрей адам терісінен 60 күнге дейін кетпейді.
«Металл ұрлық үшін әр қамалған адам SmartWater бояуына тесттен өтеді» - дейді детектив Robin Conway – «іздеуді адамнің үйінде және оның мүлігінде өткіземіз, сонымен қатар көлігін де полиция тоқтату мүмкін». «Метал сынықтарын қабылдайтын фирмалар да метал ұрыларын ұстауға полицияға жәрдем жасауға тырысу керек». Осы система кабель ұрлығын азайту мақсатымен қазір солтүстік Лондонда және теміржол компаниясында іске қосылды.
Осы хайтек шешімге қосымша Openreach патрульдің санын көбейту, құлыптардың сапасын көтеру және полициямен жұмысын жақсарту шараларын қолданады, деді ВТ.
PCpro – Computing