«Тарелкалар» туралы миф
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 03.08.2010 22:03
Спутниктік телевизия қабылдау құралдарын сертификациядан өткізу туралы. Осыған байланысты Интернеттен көптеген пікірлер оқыдым. Мәселенің мән-жайын түсіндіруге қажет деп ойладым. Бұл халықаралық тәжірибе. Сертификациялау, азаматтарымыздыың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіріп, басқа техникалық жүйелер мне құралдардың жұмысына бөгет жасайтын сапасыз жабдықтардың елімізге әкелінбеуі үшін қажет.
Біз Қазақстанға сертификациядан өтпеген бұйымдарды әкелуге рұқсат берсек не болатынын елестете аласыз ба? Біздің тұрып жатқан үйлеріміз «магниттік қақпанға» айланар еді. Мысалы, бақылаудың болмауы үйлеріміздегі тұрмыс техникасының үлкен электромагниттік сәулеленуіне әкеліп соғады.
Сертификациядан өтпеген «спутниктік тарелкаларды» қолдану да осында жағадайға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл құрал уақытында сертификациядан өтуде қажет техникалық жүйелердің қатарына кірмегендіктен, Қазақстанға әкелімі көбейді. Қолданыста жүрген «спутниктік тарелкалардың» көбі Қытайда шығарылған. Олар арзан болса да, сапасы төмен.
Біріншіден, олар біздің ауа райлық жағдайда жұмыс істеуге есептелмеген. Сондықтан, олардың техникалық сипаттамалары мен мінездемелері уақыт өте келе нашарлайды. «Спутниктік тарелкалармен» бірге жеткізілетін тюнерлер майдагерлік жағдайларда жасалып, мемлекеттік электрқауіпсіздік талаптарға сай келмейді. Құрылғы пәтерде өрт шығуға себепкер болуы мүмкін.
Оған қоса, тюнерлердің генераторлары дұрыс орнатпаған жағдайда, асқын жиілік күштілік шығаруы мүмкін. Бұл денсаулығымыза әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты, біз сертификация мәселесін қарастыра бастадық.
Бұл жаңалық көбін әбігерлікке түсірді. Халқымыз саны миллионға жете бастаған «тарелкаларын» тартып алады деп қорқты. Ондай шараларды жоспарлаған емеспіз. Сертификациялаудан тек жаңадан әкелініп жатқан құралдар ғана өтеді.
Егер спутниктік антеннаны алуға шешім қабылдасаңыз, сертификациядан өткенін ғана алыңыз. Ғаламторда олардың бағасы қазіргі бағадан он есе артады деген әңгімелер жүр. Олай болмайды. Қазір біз спутниктік телефизиялық антенналарды Қазақстанда шығаруды көздеп отырмыз. Ғаламторда, байқағанымдай, сертификацияны енгізіп, біз қазақстандықтарды ақпарат алу құқығынан айырғалы отыр деген тағы бір миф жүр. Калай? Сертификациядан өткен тарелкалардың иелері ресейлік бағдарламаларды көре алмайды ма? Көре алады. Сонымен қатар, олардың спутник арқылы қазақстандық телеарналарды да көруге мүмкіндіктері пайда болады. Спутникті желтоқсанда іске қосуға жоспарлап отырмыз. Оған көрермендеріміз өз бағасын береді деген ойдамын. Қазақстандық және ресейлік каналдарды көре аламыз. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге байланысты үрей себепсіз деп ойлаймын. Бұл шаралар керекті және халықаралық практикаға лайық.
ҚР Байланыс және ақпарат министрі Жұмағалиев А.Қ