Ұялы байланыс қызметі арзандайды

Ұялы байланыс қызметі арзандайдыҰялы байланыс қызметінің тарифтерінің жоғарылығы – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің алдына қойылған басты мәселе болатын. Жасыратын несі бар, ұялы байланыс қызметі елімізде, шынымен де, арзан емес. Мобилдік телефон қажеттілік құралдардың біріне айналды, бірақ, ұзақ сөйлесулер абоненттің қалтасына әлі де зиян келтіруде.

Нарықты талдап, халықаралық тәжірибемен танысып, біз ұялы байланыс операторларына тарифтік саясаттарын қайта қарастырып, қызметтерінің бағасын төмендетуді ұсындық. Дегенмен, бизнестен басқа «әлеуметтік жауапкершілік» деген ұғым да бар.

Кеше Байланыс операторларының тағы бір кеңесі өтті. Бұл жолы кеңеске қатысушылар интерконнект ставкасын төмендету туралы ұсыныстарымен келді. «GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 2010 жылдың қараша айынан 2011 жылдың қаңтарына дейін ең қымбат минутының бағасын 29 теңге ден 19 теңгеге дейін төмендетпек. Сонымен, минуттың орта бағасы 9 теңгеге дейін төмендейді.
Кеңес барысында, операторлар «интерконнект» ставкаларын төмендету туралы ұсыныстарын жасады. «Kcell» - 20% дейін, «Beeline» - 10% дейін, ал «Neo» «интерконнект» ставкасын 19,8 теңгеден 5,04 теңгеге жеткізуді ұсынды.
Бірақ, мен операторларға 20% төмендету вариантын қарастырып, бір шешімге келуді және былайғы ставканы төмендету жолдарын ойластыруды ұсындым.

Көбінде, осы «интерконнектке» неге соншама назар бөлінеді, деген сұрақтар туындайтын шығар. Өйткені, шілде айындағы Байланыс операторлары кеңесінің отырысында, жоғары тарифтердің түбірі «интерконнекттің» жоғары ставкаларында жатқандығы анықталды. Ол не деген сөз...

Мысалы, басқа операторлардың желісіне қоңырау шалудың орта бағасы 36 теңге құрайды. Оның 19,98 теңгесі – «интерконнекттің» (желіаралық қосылым) төлемі. Қалған сома – оператордың өзіндік бағасы мен пайдасы. Өзіңіз ұғып отырғандай, оператор бір минутының бағасын ешқашанда «интерконнекттің» ставкасынан төмен қоймайды. Ешкімнің пайдасыз жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан, «интерконнект» ставкасының төмендеуі, міндетті түрде тарифтердің төмендеуіне әкеледі.

Менің ойымша, операторлардың бүгінгі мәлімдемелері – жақсы бастама. Ал бастамасы болса, жалғасы да болады. Ұялы байланыс компаниялары өздерінің тарифтік саясаттарын үнемі реттеп отыруы керек. Уақыт бір орнында тұра бермейді ғой...

Жұмағалиев А.Қ.
ҚР Байланыс және ақпарат министрі

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)