Қазақтелеком «Carrier Meeting» IV Халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы болды
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 01.10.2010 22:10
2010 жылы 30 қыркүйегінде Алматыда Ростелеком, Транстелеком, Мегафон, Совинтел, Өзбектелеком, Қырғызтелеком, Сайма Телеком, China Unicom және China Telecom шетел байланыс операторларының қатысуымен болған «Carrier Meeting» IV Халықаралық конференция ашылды. Конференцияның қатысушыларына IP MPLS желісінің жаңа сәулет жобасы мен жаңа деректерді жеткізу қызметтері ұсынылды.
Қазіргі уақытта «Қазақтелекомда» 50 астам халықаралық оператормен тұрақты коммерциялық қарым-қатынас бар. DWDM технологиясының базасында (ең көп сыйымдылығы - 400Гбит/с.) салынған тәуелсіз және бәсекеге қабілетті алғашқы желі базасында, «Қазақтелеком» АҚ мынадай China Telecom (ҚХР), China Unicom (ҚХР), China Tietong (ҚХР), Ростелеком (РФ), Совинтел (РФ), Синтерра (РФ), Транстелеком (РФ), Өзбектелеком, Қырғызтелеком, Сайма Телеком (ҚР) және Элкат (ҚР) сияқты компаниялардың желілерімен түйіс ұйымдастырды.
«Қазақтелеком» үнемі қызметтердің портфелін кеңейту бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта Мәскеуде М/9 (L2), Франкфуртта Ancotel (L3) және Mega-Telehaus Гонконг қ. (L3) компаниялардың қатысу орындары ұйымдастырылды. Қатысу орындары дауыс трафигімен алмасуда тікелей бағыттарды және ірі халықаралық контент-ұстаушылармен пиринг қосылыстарын ұйымдастыру үшін қолданылады. Компания инфрақұрылымды жаңғырту, техникалық қызметтер жұмысын жетілдіру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, икемді тарифтік саясатты қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізеді.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі