Қазақстандық спутниктік телевизияны бірінші Павлодарлықтар көретін болады
- Толығырақ
- Категория: Байланыс
- Жарияланды 16.10.2010 22:14
Қазақстандық спутниктік телевизияны бірінші Павлодарлықтар көретін болады. Мен өткен аптада жұмыс сапарымен Павлодар қаласына барып қайттым. Онда сандық спутниктік телехабар тарату мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткіздім. Менің блогымның тұрақты оқырмандары біледі, біз спутниктік телевизияны алдағы желтоқсан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Қазіргі күні ұйымдастыру шараларының біразын аяқтап, жобаны қолданысқа енгізу жұмыстарын бастадық,
Спутниктің телехабар тарату жүйесін сынақтан өткізу үшін біз Павлодар облысын таңдап алдық. Сондықтан, бірінші «пилоттық» жоба Павлодар облысында жүзеге асырылады. Осы мақсатта Министрлік Павлодар облысының әкімдігімен өзара әріптестік меморандумына қол қойды. Павлодар облысының әкімдігі сандық телевизияның облыс тұрғындары үшін маңыздылығын жақсы түсінеді және аталған жобаны жүзеге асыруда бізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Облыстағы жағдайға тоқталатын болсақ, техникалық мүмкіндіктердің жоқтығынан 14000 тұрғыны бар 54 елді-мекен Қазақстандық телеарналарды көре алмай отыр. Мұндай жағдай еліміздің басқа да облыстарында орын алған. Сондықтан, спутниктік сандық ТВ осы проблемаларды шешіп, барлық Қазақстандықтардың отандық телеарналарды көруіне мүмкіндік береді.
Спутниктік сандық ТВ екі жинақтан тұрады. 1-сі тегін арналар жинағы. Оған 38 телерадио арналары енеді. Бірінші кезеңде 23 телеарна мен 3 радио хабарлары таратылады. 2011 жылы «Мәдениет» және «Caspionet 24», 2012-ші жылы «Білім арнасы» атты спутниктік телеарналар іске қосылады. Сондай-ақ, «Мәдениет» радиосын ашу жоспарда бар. Бұларға қоса, болашақта жаңадан қосылатын телерадио хабарлары үшін қосымша 8 телеарна резервте болмақ.
Спутниктік телевизияны көру үшін арнайы сандық қабылдағыш орнату керек. Мұндай қабылдағыштардың нарықтағы орташа бағасы 15000-20000тг аралығында. Жоғарыда айтып өткен меморандум бойынша Павлодар облысының әкімдігі облыстағы тұрмысы төмен отбасыларды арнайы сандық қабылдағышпен тегін қамтамасыз ететін болады.
Еліміздің басқа облыстары да тұрмысы төмен отбасыларын сандық қабылдағыштармен тегін қамтамасыз етеді деген сенімдемін. Ол үшін біз барлық облыстармен өзара әріптестік меморандумын қабылдайтын боламыз.
Біз көздеген мақсатқа жету жолындамыз!
Жұмағалиев А.Қ.
ҚР Байланыс және ақпарат министрі