Зепир атты мәнгі самолет ауада 14 күн болмақшы
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 21.07.2010 22:28
Рекордтарды жаңарту
Екі апта бұрын біз Solar Impulse атты 24 сағат аспанда тоқтамай ұшқан күнсәулелі ұшақ туралы жазып едік. Ішінде адамы бар ұшақ бұл бізді өте таң қалдырып еді, бірақ енді Зепир атты адамсыз ұшақпен салыстырғанда бұл кішентай балалар ойыншығы болып көрінеді.
Өткен аптада Зепир жеті күн қатар жерге қонбай ұшып бар рекордатрды жаңартты. Дәл қазыр ол әлі аспанда, 14 күн қатар күн қуатымен, ешқандай жанармай пайдаланбай ұшу мақсатында. Өте мықты ұшақ екен!
Қанат құлашы 22.5 метр бірақ тек қана 50 килограмм салмақты
Зепирдың ауада сондай ұзақ тұра алатын себебі оның өз мұқтаждарына күн қуатын пайдалануы. Өте жұқа және өте жеңіл күн панелдері ұшақтың қанаттарын қаптап, литиум-күкірт батареяларын қуаттандыруға пайдалынады. Бұл батареялар қуатты ұшақ моторларына түн кезінде береді. Зепирдің 22,5 метр қанат құлашында күн панелдеріне орын жеткінішті және көміртек-талшықтан жасалған 50кг салмақты ұшақ корпусы өте мықты көтеру күші бар екен.
Қазыр Зепир АҚШ Аризона штаты аспанында ұшып жүргеніне жеті күн (168 сағат) болды. Бүл 2008 жылы Зепирдің өзі қойған 82 сағат 37 минут бейресми рекордынан екі есе артық және 2001 жылы 22 наурыз күні RQ-4A Global Hawk қойған 30 сағат 24 минут ресми әлем рекордынан асты.
Мәнгі ұшақ
Ендігі мақсат Зепир тағы 7 күн ұшып әлемдегі бірінші мәнгі арзан бағалы және ұзақ ұшатын (күн емес айлап ұшатын) қабілеті бар ұшақ аталуы.
Болашақта мынадай адамсыз ұшатын ұшақты әскери және азаматтық секторда байланыс және жер бақылау мақсаттарына пайдалану ықтимал. Бұл ғалымдарға жанармай жандырмайақ біздің планета және оның экосистемасын зерттеуге және оны қорғауға көмек береді деген сөз.
Via Qinetiq, BBC