Британиялық күнсәулелік ұшқышсыз ұшақ тоқтамастан екі апта ұшып ақырында жерге қонды

Британиялықтар жасаған күнсәулелік самолет бүгін ақырында көптен келе жатқан адамсыз ұшатын самолеттердің рекордтарын жаңғыртып жерге қонды. Зепир америкалық Аризона штатының аспанында тоқтамастан екі апта өткізді. Бұл бұдан бұрынғы Зепир өзі қойған бейресми рекордтан екі есе артық.

Зепир британиялық Хампшайрда орыныққан QinetiQ қорғаныс және зерттеу компаниясында жасалған. Бұл Зепир бұдан бұрын жасалған Зепирден 50 пайыз шамасындай үлкен, бұрынғыдан көптеу батарея сыйғызатын қанат құлашы 22,5 метр, оған қосымша төтенше жаңа күрделі қуат меңгеретін системасы бар. Қанаттарын қаптаған қағаздан жұқа аморфты кремний күн панелдері таратқан күн қуатымен күндіз ұшқан ұшақ қолмен ұшырылды.

Бұл панелдер түнде пайдаланатын литиум-күкірт батареяларына да заряд береді екен. Ұшақ арзан түсетін және тоқтамастан, күндер емес айлар бойы, бақылау жүргізе алады. 'Зепир әлемдегі бірінші және нағыз мықты самолет,' деді Neville Salkeld, QinetiQ техникалық директоры. 'Біз бұл жетістікке өте қуаныштымыз,' деді проект менеджеры Jon Saltmarsh. 'Бұл көптеген шынымен талантты ғылымдармен инженерлердің бірнеше жылдық күш салып жасаған істерінің шыңы,' деді ол BBC News агенттігіне. Төтенше жаңа аэродинамикалық сұлба және биік Т-нұсқалы құйрық ұшақтың ауа кедергісін азайтуға және ұшу қабілетін жақсартуға жағдай жасады.

Зепирдің ультра-жеңіл көміртек-талшықтан жасалған құрылымы ұшақтың салмағын 50 кг жасап отыр.
Зепирдың әдеттегі пайдаланатын ұшқышты я ұшқышсыз самолеттерден айырмашылығы – базаға жанармай қосу үшін я техникалық қызмет алу үшін жиі қайтып келу керегі жоқ.

By Daily Mail Reporter

 
Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)