Мемлекеттік авиациялық орталық «Ашық есік күнін» өткізді
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 21.08.2010 22:38
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиацияның қызметі туралы» Заңды түсіндіру шаралары аясында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Өткізілген шараның негізгі мақсаты - ұшқыштар кәсібін жеңіл және аса жеңіл авиацияны авиация техникасын, пилотаж тобының өнерін, сонымен қатар спортшы-парашютшілердің секірулерін көрсету, ұшқыштар кәсібін насихаттау. Бұдан тыс ұшқыш-инструкторлардың жерге қону дәлдігі жөнінде жарыстар мен арнайы ұшулары өткізілді.
Анықтамалық: «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК 2006 жылғы 17 қарашада азаматтық авиацияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты үшін әскерге шақырылатын жастарды ұшқыштар құрамының бастапқы әзірлігіне тиісті база жасау мақсатында құрылған болатын.
ҚазАқпарат