«Союз ТМА-18» кемесінің ХҒС-дан ажырау операциясы техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 25.09.2010 22:44
«Союз ТМА-18» көліктік ұшқыш кемесінің (КҰК) халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ажырау операциясы техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Ажырау уақыты туралы қосымша хабарланады», - делінген ғарыш ведомствосының ақпаратында.
ХҒС-дағы жұмыстар жоспары бойынша, тексеру жүргізілгеннен кейін «Союз ТМА-18» «Поиск» модулінің түйісу торабынан Мәскеу уақытымен 5.34-те ажырауға тиіс болатын.
«Союз» аппараты 24 қырқүйекте Мәскеу уақытымен 8.55-те Қазақстанда Жезқазғанның оңтүстік-шығысында 145 шақырым жерге қонуға тиіс болатын Росавивция басшысының кеңесшісі Андрей Прянишниковтың мәлімдеуінше, «Росавиацияның іздестіру-құтқару күштері дайын тұр. Аппараттың қонуын үш ұшақ - екі Ан-24 және бір Ан-12 (бәрі Қарағандыда), 12 Ми-8 тікұшағы (екеуі резервте) қамтамасыз етеді, олар Қарағанды мен Жезқазғанда орналастырылды, сондай-ақ, алты іздестіру-эвакуациялық көлік тағы бар (біреуі резервте)»
24 қырқүйек жұма күні ХҒС-дан ұзақ экспедициясының 23/24 экипажы Александр Скворцов, Михаил Корниенко және американдық астронавт әйел Трейси Колдвелл Дайсон жерге оралуға тиіс
ХҒС-дағы жұмысты ресейлік Федор Юрчихин, американдықтар Даглас Уилок пен Шэннона Уокерден құралған экипаж қалады.
8 қазанда станция экипажының тағы үш мүшесі «Союза ТМА-01М» кемесімен аттанады.
ҚазТАГ