Жапония гибридтік моторлы көліктің бірнеше нұсқасын шығарды
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 19.11.2010 22:57
Әлемге танымал жапондық «Тойота» автоконцерні гибридтік моторлы су жаңа 11 көліктің түрін нарыққа шығармақ. Тұтынушыларға темір тұлпарлардың бұл түрлері 2012 жылдан бастап ұсынылады. Компания басшылығы жыл сайын 50 мыңдай машина сатуды көздеп отыр. Бір көліктің құны 36 мың доллар шамасында.
Гибрид 100 шақырым қашықтыққа 2 жарым литр жанармай шығындайды. Ал «АйКью» моделінің негізінде құрастырылған электрокарлар АҚШ, Еуропа және Жапон тұрғындары үшін келер екі жылда қол жетімді болмақ.
Электромобильдер бір рет қуатталған батареямен 105 шақырымды жүріп өтуге қауқарлы.