Қазақстан Еуро 5 стандартына көшеді

Қазақстан Еуро 5 стандартына көшедіМұнай және газ министрлігі еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру аясында бірден «Еуро-5» отын стандартына көшуді қарастырып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн-конференция барысында аталған ведомстовның вице-министрі Әсет Мағауов айтты.

«Отын стандарттары бойынша «Еуро-3-ке»  көшу  2014 жылға бекітіліп отыр. Ал  2016 жылы «Еуро-4» стандартына көшу қарастырылған. Сонымен бірге біздің мамандар мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеу аясында бірден Еуро-5 стандартына көшу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр»,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы қайта жөндеу жұмыстары аясында «Еуро-5» стандартына көшу шаралары іске асырылса, онда айтарлықтай қомақты инвестиция қажеттілік етпейді. «Жалпы алғанда біз қазіргі кезде осы бағытта талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,-деді Әсет Мағауов.

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)