Жапондар ғарышқа апаратын лифті жасамақшы
- Толығырақ
- Категория: Көлік
- Жарияланды 05.01.2013 23:15
Жапониялық Obayashi Corp құрылыс компаниясы 2050 жылы ғарышқа апаратын лифтіні іске қосқалы отыр. Жер бетінің тұрғындары онымен көк кеңістікке сағатына 200 шақырым жылдамдықпен көтерілетін болады. Infuture.ru порталының хабарлауынша, алдымен көміртекті нанотүтіктерден жасалған таспамен қозғалатын көлік құралы жасалады.
Ол Айға дейінгі қашықтықтың ширек бөлігін құрайтын биіктікте қозғалмақ. Токиолық құрылыс компаниясы жасап шығаратын жеделсаты сол көлікке жолаушылар мен жүкті жеткізетін болады. Жолаушылар Жер бетінен 36 мың шақырым биіктіктегі ғылыми-зерттеу орталықтарына 200 шақырым/сағат жылдамдықпен көтеріле алады. Бұл – бір апта уақыт. Жерден тікелей ғарышқа апаратын биік нысан жасау идеясын ХІХ ғасырдың соңында орыс ғалымы Константин Циолковский алғаш айтқан. NASA агенттігі соңғы жылдары осы тақырыпқа арналған ғылыми конференциялар өткізді. Енді қиялды шындыққа айналдыруға жапондықтар кірісіп отыр
www.baq.kz