Wind Power 10MW турбина жобасын жариялады

Британиялық Wind Power компаниясы айналып ұшқан шаған жапырағынан аударып салған дәу 10MW суда орнатылатын жел турбинасын жаңалықта ұсынды. Grimshaw атты халықаралық ауылшаруашылық компаниясы көпшілікке осы жаңа жобаны жариялады. Бұл пышағынан төбесіне дейін шамасымен 275 метр, өзінің білігінен айналатын шомбал машина. Жоспар бойынша бірінші турбина 2013-14 жылдары қосылып екі жыл тесттерден өтеді.

10MW турбина құруын жоспарлаған жалғыз ғана Wind Power компаниясы емес. Бұдан бұрын америкалық Clipper Wind компаниясы Англияның шығыс солтүстігіне 10MW Britannia турбинасын салам деген жоспарын хабарлады. Норвегиялық Sway фирмасы зәкірге бекітілген қалтқы жел турбинасының жобасын дамытуда.
Осы үлкен турбиналардың негізгі артықшылығы олардың мөлшеріне үнемдеу.

Бұл турбиналардың құрылысына шығаратын қаржы шығыстар үлкен, соған қосымша өте күрделі техникалық шешілмеген мәселелер бар. Пышақтар айналған сайын олардың салмағы әрқашанда артқа қарай тартып тұрады, бұл әр айналым сайын – минутасына 20ға дейін – құрылысқа қайта-қайта өзгермелі күш түсіреді.

Болдырған жүктемені азайту үшін пышақ саны және олардың жуандығы молайтылады, бірақ бұл шешім пышақтын салмағын көбейтеді. Осындай мәселелер көп. Мұнараның үстіне қондырылатын гондола және оның ішіне қойылатын басқа нәрселердің салмағын шыдайтын құрылым өте мықты болу қажет. Олай болмаса динамикалық соққылар және майыстыру күштемелер құрылымға әсер етіп системаны ығыстырып жіберуі де мүмкін.

Судың беті жел қуатын жегуге лайықты болғанмен де, мухиттың өзі өте қауыпты қоршаған орта болып табылады.
Судың бетіне қондырылатын шомбал турбиналар жел қуатын пайдаланатын машиналардың болашағы болуы мүмкін.

The Engineer

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)