Кеншілер марапатталды

Кеншілердің кәсіби мерекесі қарсаңында ерен еңбегімен елге танылып жүрген қарағандылық бір топ шахтер облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Өмір мен өлімнің арасында еңбек ететін кеншілерге қандай құрмет көрсетсе де лайықты, - деді аймақ басшысы Серік Ахметов.

Қарағандыдағы жеті шахта ағымдағы жылдың жеті айында 6,4 миллион тонна көмір беріп, еңбек өнімділігі жеті жарым пайызға ұлғайған. Ал Костенко мен Күзембаев атындағы шахта кеншілері кәсіби мереке қарсаңында миллион тоннадан «қара алтын» өндірді. Қазір өңірде шахталар жұмысын жандандыруға бағытталған бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асуда, еңбек қауіпсіздігіне көп көңіл бөлеміз,-деді «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Франк Паннир. Бұл күні Франк Паннир және бірқатар кеншілер 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі «Шахтерлар даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Белгілі эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, мерекелік кештің көркін қыздырды.

Таңат Дауылов, Қарағанды көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры:
- «Шахтерлар даңқы» белгісінің 3-ші, 2-ші дәрежесін алғанмын, бүгін біріншісін алып отырмын. Өзімнің әріптестерімді шахтерлар күнімен құттықтаймын. Ең біріншіден тілейтінім, жұмыс орнында апат болмасын, дендері сау болсын. Отбасында бақытты ғұмыр кешсін.

Хабар агенттігі

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)