Бүгін Энергетик күні!

Бүгін Энергетик күні!Құрметті энергетика саласының қызметкерлері! Сіздерді шын жүректен мерейлі кәсіби мерекелеріңіз – Энергетик күнімен құттықтаймыз!

Энергетика - өркениеттің дамуының жетекші күштерінің бірі. Қазақстан энергетиктері тұрғындар мен кәсіпорындарды жылу, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз

ету және сапасын арттыру үшін өз жұмыстарын үнемі жетілдіру үстінде.

Үйіміздегі жарық пен жылу, техниканың жұмысы, жалпы адамзат баласының өмір сүру мүмкіндігі тікелей сіздердің осы қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Сіздер шын мәнісінде үлкен жұмыс жасап, баршамызға ертеңгі күнге деген сенім сыйлайсыздар.

Сіздердің қолдарыңызбен жасалған жарық пен жылу адамдарға бақыт әкеледі, олардың өміріне жайлылық сыйлайды.

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, бейбіт өмір, жайлылық және аймағымызды өркендету жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Ізгі ниетпен
Қазақ инженерлер бірлестігі

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)