Ауғанстандық педальді лаптоптар

Ауғанстандық педальді лаптоптарАдамның кинетикалық энергиясын бірнеше амалдармен өзге түрге айналдыруға болады. Адамның энергиясы көбінесе велосипед жүргізуге пайдаланылады, бірақ электр энергиясын өндіруге де қолдануға болады. Кейбір үшінші әлем ұйымдары адам күшін пайдаланатын технологияларды компьютер және басқа құрылғыларға электр энергиясын қамтамасыз етуге қолдануда.

Қазіргі заманда күн сәулесінің күшімен жасайтын компьютерлер болғанымен де, бәрі бірдей оны қолдануға мүмкіншілігі жоқ.  Адамзат кедей және шалғай аудандарда тұратын халыққа компьютер қолдануға ықтимал амал табылар деп әрқашанда үміттенген.
Ақырында бұл Ауғанстанда педальды лаптоп түрінде іске асырылды. Педальды лаптоп негізінде педальдерді айналдырғанда пайда болатын энергияны өндіріп лаптопқа қуат беретін машина. Әр екі аяғы бар адам лаптопты энергиямен камтамасыз ете алады. Педальдерді айналдыруға тіпті үшінші класс оқушысының де әлі жетеді екен.

Лаптоп ретінде ХО [http://en.wikipedia.org/wiki/OLPC_XO-1 ] атты компьютер қолданылыпты. Педальды лаптопқа ешқандай қосымша энергия көзі керек емес және оны дәстүрлі электр энергия көзі жоқ шалғай аудандарға тасымалдауға ыңғайлы. Бұл әлі де түптұлға (прототип) болғаныменде, болашақта кең қолданатын болуы ықтимал.

Педальды лаптоптар мектеп балаларына компьютермен жұмыс жасауға мүмкіншілік беруге арналған.  Бұл түптұлға негізінде үстел басында отырған балалар аяқтарымен қозғап, іске қосатындай етіп, үстелдің астына орнатылған.

Қазір 2500 шамасында түптұлға компьютерлер Кабул, Харт және Жалалабад қалаларының түрлі аймақтарына таратылып байқауда жүр. Жүйенің жетістіктері бағаланып болашақта табысты оқу ортасын құруға түзеледі.

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)