Баламалы болашаққа жол

Astana EXPO 2017Биылғы жылы VI Астаналық экономикалық форумы аясында «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған екі бірдей сессия өткізілмек. Бұл ауқымды шараларды «Астана ЭКСПО-2017», «KAZENERGY» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясы ұйымдастырады.

Сессия жұмысына, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Миллениум жобасы Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, Орталық Азия бойынша Кембридж форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан орталығының төрағасы және Орталық Азия бойынша комитетінің құрметті хат­шысы Сидхарт Саксена, «KAZENERGY қазақстандық мұ­най-газ және энергетика кешені ұйым­дары» бас директоры Әсет Мағауов және басқа спикерлер қатысады. Сессияны Стэндфорд уни­верситетінің Энер­гетика сая­саты мен қаржы зерт­теу­лері ор­та­лығының ғалымы Джеффри Бoлл жүргізбекші.

Биылғы кездесудің ерекшелігі – ол тыңдаушыларды белсенді түр­де қатыстыратын интерактивті пікір­талас форматында өтеді деп күтілуде. Іс-шара барысын­да тұрақты энергетикалық бола­шаққа өтудің мүмкіндіктері мен қиындықтары, Үшінші индустрия­лық революцияны іске асыру үшін инфрақұрылымның дайындығы, энергия қорларының тапшылығы проблемасы, «жасыл» экономикаға көшу жолдары сөз болмақ. «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің айтуынша, «Бо­ла­шақтың энергиясы» тақы­рыбын талқылау Қазақстан үшін аса маңызды болып отыр.

«Астана эко­номикалық форумы аясында баламалы энергия көздерін дамыту жолдары мен болашағы мәселелерін бірнеше рет көтерген болатынбыз, бүгінгі күні «Болашақтың энергиясы» қазақстандық қоғам және әлемдік қауымдастықтың назарын бұрынғыдан да жиі өзіне аудартып отыр», – деді ол. – 2017 жылы Астана қаласы ЭКСПО көрмесін өткізуге бел буды. Бұл – энергетика болашағы мен болашақтың энергиясы мәселелерін талқыға салудың ерекше сәті. Бүкіл әлем үшін қазып алынатын отын түрлерінен жаңғыртылатын энергия көздеріне өтетін уақыт жетті. Сөз жоқ, ЭКСПО-2017 жаңа мүмкіндіктер туғызатын баламалы болашаққа ашылған жол, – деп атап көрсетті спикерлердің бірі Хосе Кордейро сессия басталмас­тан бұрын.

VI Астана экономикалық форумы шеңберінде 24 мамырда Ден­саулық сақтау министрлігі мен «Ғалымдардың Еуразиялық эконо­ми­калық клубы» «Ұлттық саясат: денсаулық сақтау саласындағы әлеу­меттік жаңғырту» тақырыбында панельдік сессия өткізбекші. Сессия жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНПФА, ЮНЭЙДС, Бүкіләлемдік банк өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, алыс және жақын шетелдердің денсаулық сақтау министрлері, қоғамдық денсаулық сақтау саласының ірі сарапшылары қатысады. Жиынға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.Қайыр­­бекова, Литваның ден­сау­­лық сақтау министрі Витянис Пови­лас Андрюкайтис, Нобель сый­лы­ғының лауреаты Эрвин Неер, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бю­ро­сының директоры Арун Нанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петуховалар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Панельдік сессияның мақсаты – ұлт денсаулығын нығайтудағы және ортақ жауапкершілік мә­селелерін шешудегі мемлекеттердің рөлін талқылау. Іс-шара барысын­да Мыңжылдықтың даму мақ­сат­тарына (әйелдер мен балалар ден­сау­лығы, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, инфекциялық емес ауруларды басқару) жету, азаматтардың және медициналық қызметкерлердің жеке жауапкершілігі мәселелері бойынша озық тәжірибелер, медициналық қызметтерді жеткізушілерді ын­та­лан­дыру сияқты өзекті мәсе­ле­­лер талқыланатын болады.

Осы мәселелер бойынша «Тех­но­ло­гия­ларды беру және Қазақстан Рес­пуб­ликасының денсаулық сақтау саласында институттық реформа жүргізу» жобасының жетекшісі Недим Яганьяц, Г.Русси атындағы онкология институтының директоры Александр Эггермон, Ауруларды бақылау және профилактикасы бой­ын­ша АҚШ Орталығының (CDC) Орталықазиялық өңірлік кеңсесінің директоры Джордж Шмид және басқалар баяндама жасайды. Биыл VI Астана экономикалық форумы шеңберінде алғаш рет G-Global сайтында виртуалдық режімде сессия тақырыбы бойын­ша он-лайн конференция ұйым­дас­тырылады.

www.i-news.kz

Share

Нақтылау

Бірге бол

Пайдалану шарты | Жасырын саясаты | Байланысу

Copyright © 2010 - 2013 KIB - Қазақ Инженерлер Бірлестігі. Бар құқықтар заңмен қорғалады.Қазақ Инженерлер Бірлестігі қоғамдық ұйым ретінде Қазақстанда тіркелген (No.8485-1926-KB)