Ақылды жүйе су кемуін азайта алады
- Толығырақ
- Категория: Құрылыс
- Жарияланды 16.10.2010 00:00
i20 Water су компаниясының инженері Эндрю Барроуз (Andrew Burrows) Лондонның Globe Theatre театырында осы өткен аптада 2010 жылғы Британдық техникалық байқауының ең жоғарғы жүлдесіне ие болды.
Эндрю, чартеред инженер, Royal Institution of Naval Architects атты әскери-теңіз сәулетшілер
қоғамының және халықаралық су қоғамының белсенді мүшесі су кемуін 20 пайызға азайтатын әдіс ойлап тапты.
Іс-тәжірибеде i2O жүйесі аймаққа баратын судың қысымын үзбей бақылап және түзетіп тұрады. Сұраныс деңгейі жоғары көтерілсе де я төмен түссе де орташа аймақ қысымы ең төмен деңгейде меңгеріледі.
Бұл бір қатар алгоритмдер қолданылып қысым-кері-лықсыма шүмегінің шығыс қысымын ажыратумен іске асырылады.
Осы ілгері басқан Эндрю ойлап тапқан шүмек әдеттегі шүмектің орынына қондырылады, шүмекпен сервер және сенсорлар арсындағы сигналдар GSM жүйесі арқылы жүргізіледі.
Компанияның елу жүйесі 2010 жылының шілде айында Малайзияда қондырылып әр қайсысы күніне 250 тонна суды үнемдеп отыр. Тағы да басқа жүйелер Испания, Ұлы Британия және Италияда пайдалануда.
Төрешілер i20 ақылды су қысымын баптайтын құралды проблема шешу әдістерінің тапқыршылық үлгісі деп атап отыр. Олар осы ақылды және дәл құрал су кему проблемасын сондай тамаша әдемі әдіспен, ешқандай автокөлік жолдарын қазып бүлдірмей шешіп отырғанына таңданып отыр.
www.theengineer.co.uk