Tabanlioglu Architects компаниясының Астана қаласында стадион салу жобасы іске асырылуда
- Толығырақ
- Категория: Құрылыс
- Жарияланды 11.11.2010 00:03
Стадион көп-функциялық ойын-сауық кешен ретінде, әр-түрлі спорттық және басқа жиын шараларға пайдаланылады, бірақ негізінде FIFA және UEFA критерияларына сәйкес футбол ойындарына арналған.
Стадион көп-функциялық ойын-сауық кешен ретінде, әр-түрлі спорттық және басқа
жиын шараларға пайдаланылады, бірақ негізінде FIFA және UEFA критерияларына сәйкес футбол ойындарына арналған. Сыртқы пішіні эллипс нысанымен жасалған, айналма сызығы динамикалық және байсалды аймақтар құрады. Құрылыс элементтері бір-бірін сүймелеп, тор пішінді фасад, басқыштар және төбені құрады. Болатты құрылымдар, мөлдір әйнек және жартылай қолданған галванизацияланған сандвич – панельдер адамға мықты және таза әсер етеді.
Төбені жиектеген поликарбонаттық мөлдір панельдер ғимараттың алдыңғы жағына және бас аймағына жарық түсіреді. Эксклюзивтік аймақтар енгізілген екі деңгейлі шешімге ерекше ықылас берілген. 16000 орынға арналған төменгі трибуналар ғимараттың барлық төрт қабырғасынан, ал 14000 орындық жоғарғы трибуналар тек қана шығыс пен батыс жағынан құрылған.
Стадион не бары 30000 орынға есептелген, көрермендер кіріп-шығуына арналған 24 қақпасы бар. Жоба қазақстандық қатқыл ауа-райын ескере тұрып, жоғарғы технологиялармен жасалған. Жабық алаң аймағына жылу өткізіледі және вентиляция құрылады. Меңгерілетін төбе – ғимараттың негізгі құрайтын бөлімі. Негізгі құрылымдар болатты болған соң, төбені жылжымалы ету мүмкін болып, оны шығыс-батыс бағытында жүретін етіп жасаған.
Күннің көзін ішке нәтижелі түсіру және дыбыстарды жұту үшін және де соқтыққа қарсы төбенің жылжымалы жағын поликарбонаттық элементтер жабады. Функциялық мүмкіншіліктерден басқа, Астана стадионы жаңа астананың қазіргі заманның аспекттерін бейнелейтін рәмізді ғимарат болады. Стадион сүйкімді қалалық пейзаж құрып, спорт, ойын, қонақшылық, табиғат және қазіргі заманның архитектурасының бірлестігін білдіретін Астана қаласының жаңа сахнасы болады.